Нутрициология кафедрасының доценты Чуенбекова А. Б. Күміс алқамен марапатталды

Нутрициология кафедрасының доценты Чуенбекова А. Б. Күміс алқамен марапатталды.

Бостандық ауданының әкімі Торғаев Бекқали Нұрғалиұлы салтанат кешінде ЧуенбековаАрдақ Байбаракқызынкүміс алқамен марапаттады.

Ардақ Байбаракқызы1996 жылдан бері нутрициология кафедрасында жұмыс жасайды. Университетте кызмет етуі барысында өзінің жоғары біліктілігімен, іскерлігімен, шығармашылық көз қарасымен танылуда. Әріптестерінің арасында беделділігі жоғары және үлкен құрметке ие.

Алты баланың анасына зор денсаулық, мол табыс, барлық сәттілікті тілей отырып, кафедрадағы әріптестері шын жүрекпен құттықтайды.