22-наурыз мерекесіне орай «Армысың әз-наурыз» атты мерекелік кеш туралыЕСЕП

2019 жылдың 27 наурыз күні № 7 корпустың 5 қабатында, «Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері» кафедрасымен ұйымдастырылған 22-наурыз мерекесіне орай «Армысың әз-наурыз» атты мерекелік кеш өткізілді.

Бұл кештің мақсаты – Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін студенттердің бойына сіңіру. Студенттердің ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Студенттердің ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету. Университет профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері арасында «Наурызнама» қазақ халқының ұлттық ойындары бойынша арқан тарту, асық ойыны, иық тіресу жарыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар тұсау кесу рәсімі де жүргізілді. Кеште студенттер мен Құрманғазы атындағы өнер академиясынан келген қонақтар күй тартып, ән шырқады, би биледі, «Ро-Ро» жасөспірімдер би ансамбілі флешмоб биледі. Кешке отыздан аса студент қатысты. Оның ішінде «Жалпы медицина» мектебінің 3 курс студенттері және «Фармация» мектебінің 1 курс студенттері. Кеш қонақтары: Ректордың кеңесшісі Мустафина Жанар Ғабиденқызы, ҚДС мектебінің декан орынбасарлары Тагирова Рима Төлеуханова, Тусупбекова Сандуғаш Қайратовна, Фармация мектебінің деканы Сакипова Зуриядда Бектемировна және дәрімен қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Адилова Бақыт Абуовна, «Ро-Ро» жасөспірімдер би ансамблі, Құрманғазы атындағы өнер академиясының студенттері. Кештің соңында барлық қонақтар құттықтау сөздерін сөйлеп, кештің жақсы өткенін айтып, ризашылықтарын білдірді. Кафедра меңгерушісінің м.а. _______________ Аймаханова А.Ш.