Кафедра тарихы

Кафедра 1935 жылдың 1 ақпанында ұйымдастырылды (1935 жыл 19 қаңтардағы Қазақ медициналық институт бойынша бұйрық). Алғашқы жылдары әлеуметтік гигиена кафедрасы деп аталды. 40-50-жылдары денсаулық сақтауды ұйымдастыру және медицина тарихы кафедрасы деп аталды. 1966 жылдан медицина тарихы курсымен әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы деп аталды. 1993-1998 жылдары медицина тарихы курсымен әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқару кафедрасы деп аталды. 1999 жылдан қазірге дейін қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы деп аталады. 1999-2003 жылдары кафедраға медициналық информатика курсы біріктірілді. Кафедра атаулары мен оның құрылымдарының өзгеруі ел дамуының тарихи даму кезеңдеріндегі оның алдына қойылған міндеттерге сәйкес болды.

Кафедраның құрылуы және ұйымдастырылу сатылары РКФСР Денсаулық сақтау халық коммисариаты Қазақстанға жұмысқа жіберген мамандардың жұмысымен байланысты болды. Мұнда кафедраның алғашқы меңгерушілерін атап кетуге болады: Манзон С.А. – Прага медициналық институтының түлегі, кафедраны 1935-1936 жылдары басқарды; Попов Н.И. – I Мәскеу мемлекеттік университетінің медициналық факультетінің түлегі, 1936-1938 жылдары әлеуметтік гигиенаның доценттік курсын басқарды. Ол жетістікпен социалистік денсаулық сақтау принциптерінің теориялық және практикалық міндеттерін орындап, стационарлардағы шаруашылық есеп сұрақтарын, учаскелілікті құру принциптерін, ауылдағы жұмысшылар мен еңбеккерлерге медициналық-санитарлық көмек көрсету сұрақтарын зерттеді.

Ұлы Отан жылдарында кафедраның бар назары майданды медициналық-санитарлық қамтамасыз ету сұрақтарына және тылда госпиталдер құру, эвакуацияланғандармен қоса халықты медициналық-әлеуметтік қамтамасыз ету сұрақтарына ауды. 1941-1943 жылдары кафедраны Урал мемлекеттік университетінің түлегі Алфимов И.В. басқарды. 1943 жылдан 1949 жылға дейін кафедраны негізгі жұмысына қосымша ретінде Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі Чесноков С.А. басқарды. Бұл кезеңде кафедрада Сеньков Н.О. (кейін 1963-1971 жылдары – Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі), Мировалева З.Г. (кейін Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің референті) сияқты тәжірибелі оқытушылар мен мамандар сабақ берді.

1949 жылдан 1951 жылға дейін кафедраны Шкрадюк Г.Ф., 1951 жылдан 1959 жылға дейін кафедраны медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Полянский А.Н. басқарды. Бұл кезеңде кафедрада 7 оқытушы жұмыс жасап, олардың ішінде медицина тарихы мәселелері бойынша кандидаттық диссертация қорғаған Палкин Б.Н., Чокин А.Р. болды.

Әрі қарай кафедраның ғылыми-практикалық қызығушылықтары социалистік құрылыстың идеологиясына сай болды, олардың ішіндегі анағұрлым масштабтысы халықты жалпы диспансерлеу бойынша шаралар болды.

1959 жылы кафедраны Қазақ медицина институтының түлегі, 1960-1963 жылдары Алма-Ата мемлекеттік медицина институтының ректоры Самарин Р.И. басқарды. Медицина ғылымдарының докторы, профессор Р.И.Самариннің жетекшілігімен 3 докторлық (Чернобров П.Н., Гонопольский М.Х., Чокин А.Р.) және 28 кандидаттық диссертация қорғалды. Осы жылдары кафедра жанынан аспирантураның күндізгі бөлімін бітіріп, кандидаттық диссертацияларын Исмаилов Ш.М., Слажнева Т.И., Макатова В.А., Саятова А.С. қорғаса, сырттай аспирантура аяқтап медицина ғылымдарының кандидаттары болғандар: Петров П.П., Костенко Г.Р., ізденушілер: ассистент Ильин И.В., ҚазКСР ДМ қызметкерлері Иванова Н.И., Козырева Р.В., практикалық денсаулық сақтау қызметкерлері Индербиев М.Г., Душманов С.Х., Невель Н.Н. және т.б.

1969 жылы кафедра құрымынан медицина тарихы жеке дара кафедра ретінде бөлініп шығып, оны медицина ғылымдарының докторы (1967 ж.), профессор (1968 ж.) Чокин А.Р. басқарды. Профессор А.Р. Чокиннің жетекшілігімен 2 докторлық (Душманов С.Х., Свиридова Л.Е.) және 9 кандидаттық (Шабдарбаева М.С., Ефремова Л.С., Жакупова М.А., Абылкасымов Е.А., Анамбаев И.А. и др.) диссертациялар қорғалды.

1987 жылы профессор Самарин Р.И. зейнеткерлік демалысқа кеткеннен кейін екі кафедра қайтадан біреуге біріктіріліп, профессор Чокин А.Р. меңгеруші болып тағайындалды.

1993 жылдан кафедраны медицина ғылымдарының докторы, профессор Камалиев М.А. басқарады.

Қазіргі кезде қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау, медицина тарихының түрлі бөлімдері бойынша теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын меңгерген дәрігер-мамандарды дайындауға бағытталған оқу-педагогикалық, әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмысын іске асыратын университеттің негізгі бөлімі болып табылады.

Студенттерді оқыту жоғары әдістемелік деңгейде өтеді және елдің барлық медициналық жоғары оқу орындары қабыл алған, кафедра қызметкерлері құрастырған пән бойынша типтік оқу бағдарламасына негізделген.

Кафедра денсаулық сақтау ұйымдары мен мекемелеріне практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді. Тек 2009 ж. «Медициналық көмек сапасына сараптама жүргізудің таңдамалы сұрақтары» тақырыбында 2 цикл, «Аккредитация элементтерімен ауруханаішілік аудитті ұйымдастырудың таңдамалы сұрақтары» – 4 цикл, «Денсаулық сақтаудың Бірыңғай ұлттық жүйесін ендіру» – 56 цикл, көшпелі циклдер «Салауатты өмір салтын қалыптастырудың ұйымдастырушылық негіздері» (Шымкент қ.) және «Денсаулық сақтау ресурстарын басқарудың актуалды проблемалары» (Ақтау қ.), 2016 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша циклдер өткізілді.

Кафедра қызметкерлері Қазақ ұлттық медицина университетінің тарихы Мұражайын құруда, оның құрылуы, даму сатылары мен жұмысын көрсетуде үлкен еңбек атқарды. Мұражай университеттің 70-жылдығына салтанатты түрде ашылды.