«С.Ж.АСФЕНДИЯРОВТЫҢ ӨМІР БАЯНЫНАН»

Әрбір халық өз болмысын рухани мәдениеті арқылы зерделейді. Ұрпақтан-ұрпаққа рухани құндылыктарды жеткізу ұлттық құндылықтардың тұрақты жүйесін жасайды.Адам ұдайы рухани жағынан өзін-өзі жетілдіріп отыруы тиіс. Бұл қазіргі кезде кез-келген қоғамдағы казіргі заман адамдарына арналған бабамыздың ескертпесі іспеттес. Рухани байлығымызға өшпес із қалдырғанС.Ж.Асфендировтың 125 жылдық мерейтойына орай қазан айының 15 жұлдызында Университетіміздің «Даңқ залында» «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің ұйымдастыруымен «С.Ж.АСФЕНДИЯРОВТЫҢ ӨМІР БАЯНЫНАН» атты студенттік конференция өтті. Конференция қонақтары ретінде С.Ж.Асфендияров алғаш ұстаздық еткен Абай атындағы ҚазҰПУ-нің студенттері жане қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің 1 курс студенттері қонақ ретінде шақырылды. Мәдениет – ұлттың бейнесі, болмысы демекші конференция қонақтарын әу бастан университет музейімен,Ұлттық кітапхананың дайындалған көрмесімен таныстырдық. Конференцияның ашылу салтанатында ректор кеңесшісі Мустафина Ж.Г сөз бастап студенттерді Санжар Жапарұлы жайындағы мәліметтермен сусындатты. «С.Ж.Асфендияров университетінің алғашқы ректоры, оның өмір жолы»атты баяндаманы «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің 2 курс студенті Зиядан О.Б жане Арыстан Сания 3 курс студенті оқыды. «Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық» дейді біздің халық, «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен жане микробиология,вирусология жане иммуниалогия кафедрасының аға оқытушысы Барманова А.М. жетекшілік етуімен «Ұлы есім – мәңгі өшпес» атты театрландырылған қойылым жұрт жүрегін селт еткізгені анық. Қойылым артынан жан-жақты, білімді, ұлттық рухтағы мәдениетті адамды тәрбиелеу, жаңа қоғам адамын қалыптастыру мақсатымен «Ұлт мақтанышы» документалдық фильм жұрт назарына ұсынылды. Фильм мен театрландырылған қойылым бірін-бірі толықтырды. Көрермендер көп мәлімет біліп, артық жайыттарын ойларына түйді.Конференциямызға ҚазҰПУ-нің студенттері де құр қол келмепті, «С.Асфендияров педагог» атты баяндаманы 2 курс студенті Бурғанбаева Мархабат оқыды.

Жақсы жанды жатырқама жақын бар,

 

Көп көргенде, көп білгенде ақыл бар.

 

Елдің жоғын кім жоқтап жүр біледі,

 

Жаны жайсаң жалындаған ақындар…-,

демекші «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің 2курс студенті Сәтбай Манзура С.Ж. Асфендияровқа жүрекжарды арнауын ұсынды. Әлмұханова Ақеркенің қолынан шыққан Санжар Жапарұлының суреті баршаны таңқалдырғаны анық. Конференция соңында ҚДС факультетінің декан м.а. Бегадилова Т.С қоғамдық денсалық сақтау факультетінің студенттер торағасы Солтанова Мөлдірге сөз беріп, қаттысушыларына алғыс хаттар мен сыйлықтар ұсынылды. «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің 4курс студенті Мелдебекова Лаура жабылу салтанатында «Қазақ елі» әнімен қошеметке ие болды. Конференцияға ұйымдастырушылар ғана емес, қонақтар да жастар бойындағы ұлтжандылық қасиеттің, рухани байлықтың дамуына өз үлесімізді қостық деген үміттеміз.

Жақсыдан қазына пұл қалар,

 

Солмайтын жасыл гүл қалар,

 

 

Сендердей арсыз қулардан

Желге ұшатын күл қалар – деп ақын Шәкәрім жырлағандай, біз жастарымыздың өз өмірлерін текке бос өткізбей, күш қуатын өнер, білімге жұмсап, артында өшпейтұғын із қалдырып, мәнді де, сәнді де бақытты өмір сүруін көргіміз келеді.

 

Санжар Асфендияровқа арнау


Орта Азия жерінде ,

Ташкент қала мекенде

Қазан айы кезінде

Санжар келді дүниеге

Асфендияров әулеті

Қуанышқа кенелді

Анасы еді Гуландам,

Сейітжаппар еді әкесі

Айшуақ ханның ұрпағы,

Тегіне қарай жаралған

Баба жөнін сұрасаң,

Әбілхайыр ханнан тараған

Ата анасы Санжарды,

Білімді бол деп оқытты

Әскери болды дәрігер,

Талантты болды дарынды

Мінсіз қызмет атқарды

Әскери полк бөлімде

Жараланған сарбазды

Бермеді ажал өлімге

Жарылыс атыс шабысты

Көзбен көрді соғысты

Түссе де жау тұтқынға

Бермеген Санжар намысты

Денсаулығы нашарлап

Санжар елге оралды

Жоғарғы оқу орынға

Ректоры бола алды

Медициналық ғылыми

Еңбектерін жалғады

Шақырылды Мәскеуге

Болғаннан соң мақтаулы

Мәскеуде болған кезінде

Ғалымдармен кездесті

Ғылыми ісін талқылап

Үлгі өнеге көрсетті

Көтерді сонда шаңырақ

Рабиға қызға үйленді

Отбасында екі қыз

Болды сонда перзентті

Голощокиндік саясат

Қазақстанда дүрлікті

Сол уақытта Санжарда

Елге келген кезі еді

Асыл туған қазақтың

Не бір дана ұлдары

Халық жауы деген ат пенен

Көрді қуғын сүргінді

Келе сала Санжарды

Тұтқындап қолға түсірді

Ғылыми жазған еңбегін

Аяусыз құртып жіберді

Кісен салып қолына

Абақтыға қамады

Әйелі мен қыздарын

Алжирге айдап жіберді

Санжардың ғылыми еңбегін

Пайдаланды керегін

Қазақтан шыққан дәрігердің

Қиды жаулар өмірін

Қырық тоғыз жасында

Ғалым Санжар атылды

Жала жауып дұшпандар

Тигізді ылаң кесірін

Өлгеннен соң артынша

Кінәсіз боп ақталды

Дәрігер ұстаз тарихшы

Санжарды елі жоқтады

Артында қалды өшпейтін

Ғылыми еңбек жазбасы

Университет осылай

Санжар атымен аталды

Асфендияров Санжардың

Көкке өрлейді атағы

Ұмытылмас ешқашан

Жазылған еңбек бағасы

Университетте оқыған

Ғалымдар көп шәкірті

Дәріптейді ұлтымыз

Асфендияров Санжарды

125 жылға толыпты

Асфендияров Санжарға

Тәуелсіз міне ел болдық

Жеткізген сізді арманға

Университетте оқыған

Ғалымдар шығар қаншама

Қызмет етер абзалдар

Қазақстан елі

 

Сәтбай Мәнзура Жақсыбайқызы

Қоғамдық денсаулық сақтау факултетінің

2 курс студенті