Тайпей Медициналық Университетінің (Тайвань) профессоры Питер Чангпен кездесу.

02.12.2014ж. Қазақ Тағамтану Академиясының мәжіліс залында Тайпей Медициналық Университетінің профессоры Питер Чангпен нутрициология кафедрасы мен Қазақ Тағамтану Академиясының қызметкерлері, сонымен қатар С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Жалпы медицина» мамандықтарының 2-4 курс студенттерімен кездесу өтті. Сұхбат тақырыбы: «Созылмалы ауруларды анықтау облысында халықаралық ынтымақтастықтың мүмкіндіктері». Қазақ Тағамтану Академиясының Президенті, нутрициология кафедрасының құрметті меңгерушісі Шарманов Төрегелді Шарманұлы профессорды алғыстап, салтанатты түрде ұлттық шапан табыстады.