“Тәуелсіздік-тұғырым!”

Санжар Жаппарұлы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық Университетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы ұйымдастырылуымен ” Тәуелсіздік-тұғырым’’ атты іс-шара өтті.

Іс-шара мақсаты: жас ұрпаққа тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру, Студенттерді ұлтжандылыққа тәрбиелей отырып, отан алдында, өзінің туған халқының алдындағы жауапкершілік сезімдерін ояту және де еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау, тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету болды.

Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің студенттері мен оқытушылар іс-шараға белсене қатысып, кішігірім топтық, сонымен қатар тәуелсіздік туралы білімдерін жетілдіретін ойындар ойнатылып, еліміздің ұлттық аспабы, домбырада күй тартылды. Ең соңында кешіміздің қорытындысы ретінде оқытушыларға сөз беріліп, белсенді студенттерге алғыс хаттар ұсыныл