Факультеттің Студенттік Үкіметінің ұйымдастыруымен алғашқы тренинг өтті

2016 жылғы 23 қараша күні Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық, мейірбике ісі және менеджмент факультеті Студенттік Үкіметінің ұйымдастыруымен алғашқы тренинг өтті. Тренингті «Upgrade Business School» бизнес мектебін тәмамдаған факультетіміздің 5-курс студенттері жүргізді. Тренинг өткізудегі негізгі мақсат студенттердің өзін-өзі басқаруын дамыту және көшбасшылық қабілеттерін жетілдіру. Аталмыш тренигке факультеттің белсенділігін арттыруға келген студенттер қатысты. Бұл тренинг алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.