«ҚАСІРЕТТІ ЖЫЛДАР ЖАҢҒЫРЫҒЫ»

ТАҚЫРЫБЫНДА 31 МАМЫР – САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

2016 жылдың 21 сәуірде ВШОЗ №11 аудиториясында сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін факультет деңгейінде Қоғамдық денсаулық сақтау факультетіне қарасты коммуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, тіршілік қауіпсіздік негізі модулінің және халықаралық денсаулық сақтау кафедрасы ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді МПІ мамандығының 4 курс бойынша академиялық топ суденттері (МПІ 002-1к, МПІ 002-2к) және ЖМ факультетінің 3 курс студенттері (ЖМ 018-1,2 к) мен оқытушылар қауымы доцент Елгондина Г.Б., тіршілік қауіпсіздік негізі модулінің жетекшісі Зикриярова С.М., оқытушы Байзаханов А.А. ұйымдастырды. Осы шараға факультеттің тәрбие жұмыстарына жауапты доцент А.М. Даулетбакова, Дабаров А. және МПІ, ЖМ студенттері қатысты. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты студенттерді саяси қуғын-сүргін құрбандардың өмір жолдарын, халық, елі үшін аянбаған еңбектерін, тар жол тайғақ кешу жолдарындағы қиын өмірлерін таныстырып, тәуелсіз Қазақстанның әрі қарай дамуына өз үлесін қосуына және «Қазақ» деп соққан жүректерінен Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру болып табылады. Шара барысында студенттер тақырыпқа байланысты презентация, видеоролик көрсетіп, тақырыпқа сай көріністер қойып, студенттердің өздері шығарған өлеңдері оқылды. Сонымен қатар студенттер домбырамен «Туған жер туралы толғау» термелері күмбірлетіп, «Репрессия құрбандары» атты өлең оқып, «Көк тудың желбірегені» атты ән шырқап, көрермендерді өз өнерлерімен тамсандырды. Іс-шараның қорытынды сөзін факультеттің тәрбие жұмыстарына жауапты доцент А.М. Даулетбакова аяқтай келе, шараға белсене қатысқан студенттерді алғысы шексіз екендігін жеткізді.