«Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара өтті

 

24.12.2014 ж. «Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес қоғамдық сақтау факультетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара өткізілді.

12.04.16г. Қ.И.Қарақұлов атындағы аудиторияды «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ҚР жарқын болашағының кепілі» тақырыбында Нұр Отан пратиясының өкілдерімен кездесу өтті.Шара мед. құқық және денсаулық сақтау заңнамасының негізі модулі, эпидемиология және халықаралық денсаулық сақтау кафедараларының қатысуымен ұйымдастырылды.(жауаптылар: В.В.Стойлов, Ж.Б.Бейсенбинова, М. Серикулы).

Алғы сөз Алматы қаласы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі кеңестің төрағасының орынбасары Барыс Әлкенұлы Жаппаров және Нұр Отан өкілі Құлманбетов Исатай Азимұлына берілді.Нұр Отан партиясының өкілдері студенттердің сұрақтарына жауап беріп және қызу талқыланды. Шараға мед. құқық және денсаулық сақтау заңнамасының негізі модулі, эпидемиология және халықаралық денсаулық сақтау кафедараларының ПОҚ және «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің 3,4,5 және «Жалпы медицина» факультетінің 3 курс студенттері белсенді қатысты ( ОЗ11-002-01, ОЗ11-003-01, ОМ13- 19)

Шара «Сыбайласжемқорлыққа жол жоқ» ұранымен аяқталды. Қатысушыларға мақтау қағазы берілді, келген қонақтар шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.