Ұстаз болу жүректің батырлығы

«Ұлттық медицина университеті» Х.Досмухамедов атындағы «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің «профилактикалық медицина курсымен нутрициология» кафедрасының ұстаздар күніне ұйымдастырған «Ұстаз болу жүректің батырлығы» атты мерекелік іс-шара бойынша есеп

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. «Нутрициология» кафедрасының тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 2018 жылдың 8-ші қазанында Қазақ тағамтану академиясының 6 қабатта орналасқан мәжіліс залында аудиторияда сағат 11.00-12.00 аралығында өтті. Тәрбиелік мәні зор іс-шара «Ұлттық медицина университеті» «ҚДС» факультетінің 3 курс тәлімгерлік топтың белсенді студенттердің ұйымдастырылуымен жүргізілді. Мерекелік іс-шара бағдарламасы нутрициология кафедрасының оқытушысы Ергешбаева Р.Б. жетекшілігімен дайындалды.

Іс-шараның мақсаты – университет құндылықтарының бірі – студенттерді ұстаздарды құрметтеуге үйрету, туған еліне және өз мамандығына деген мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу.

Мерекеге нутрициология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және кураторлық топтар қатысты.