Тәрбие жұмысы

Кафедра көптеген іс-шаралар мен дөңгелек үстелдердің қатысушысы болып табылады.

Оқу процесінің өте маңызды бөлігі, тәрбие, біздің болашақ медицина және фармацевтика қызметкерлерінің жеке басының мәдениетін қалыптастыру және дамыту міндеттерін жүзеге асыруға бағытталады . Осыған байланысты кафедраның ПОҚ құқықтық, рухани-адамгершілік, зияткерлік, мәдени құндылықтарды өзектендіру негізінде университеттің білім беру кеңістігінде студенттің өзін-өзі дамытуын, өзін-өзі жетілдіруін және өзін-өзі жүзеге асыруын қамтамасыз етуге бағытталған түрлі іс-шараларды үнемі өткізеді:

  • Университеттің құндылықтары мен дәстүрлерімен таныстыру;
  • ҚазҰМУ-дың 1-курс студенттерімен университетіміздің Академиялық адалдық қағидаттарын талқылау;
  • Ұлттық және мемлекеттік мерекелерге орайластырылған іс-шараларды ұйымдастыру;
  • «Ел тірегі – Тәуелсіздік» дөңгелек үстелі;
  • « Студент жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы»;
  • « Академиялық адалдық принципі қазіргі университет қызметінің негізі ретінде»;
  • « Денсаулық сақтау жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заманауи мәселелері»;
  • «Наурыздың еліміз үшін маңызы»;
  • Қазақстан халқының бірлігі күні;
  • «Конституция-елдің даму жолындағы саяси жаңғыру»;
  • Мұғалімдер күніне арналған іс-шараны ұйымдастыру және өткізу;
  • «Республика күніне» арналған іс-шаралар өткізу;
  • «Жастар-сыбайлас жемқорлыққа қарсы»;
  • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған «Тұғыры биік-Тәуелсіздік» тақырыбындағы іс-шара.