Кафедра жайлы

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Медициналық құқық» кафедрасы 2018 жылы құрылған.

2019 жылдан бастап «Медициналық құқық» кафедрасының меңгерушісі – Богатырева Лидия Башировна, ол 2023 жылы Варна университетінде «Денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру: жұқпалы аурулар пандемиясындағы құқықтық реттеу мәселелері» тақырыбы бойынша құқық докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті қорғады.

Сонымен қатар, Л.Б. Богатырева сотта университеттің мүдделерін білдіретін ғылыми, оқытушылық және практикалық қызметті біріктіреді. Медицина қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға маманданған заңгер.

Кафедра студенттерді бакалавриат деңгейінде дайындаумен айналысады. Абай атындағы ҚазҰПУ Заңтану кафедрасымен бірлесіп «Медициналық құқық» магистратурасының ОБ әзірленді, ол бүгінгі күні өзектендірілуде.

Кафедра қызметінің мақсаты

Медицина және фармацевтика қызметкерлерін құқықтық даярлауды жүзеге асыру, болашақ медицина және фармацевтика қызметкерлеріне өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде құқықтық сипаттағы дәлелді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін құқықтық білімнің оңтайлы көлемін беру.

Қазіргі уақытта медициналық қоғамдастық медициналық – құқықтық білімге ие болу қажеттілігін бұрынғыдан да түсінеді. Қазіргі заманғы заңнаманың қарқынды дамуы, сапалы медициналық көмек көрсетуге қойылатын талаптардың артуы, медициналық араласудың қолайсыз нәтижелерінің фактілері медициналық кәсіпте құқықтық білімді арттыру қажеттілігін айқын көрсетеді.

Бүгінгі таңда медициналық қызметкерлер үшін құқықтық білімнің маңыздылығын асыра бағалау қиын. Осыған байланысты медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің құқықтық дайындығын оқу, әдістемелік, ғылыми және практикалық қамтамасыз етуді дамыту, медициналық ЖОО-да заң пәндерін оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыруды жетілдіру ерекше өзектілікке ие болады.

Кафедраның негізгі міндеттері:

  • Оқу, тәрбие, әдістемелік және ғылыми жұмыстарды іске асыру.
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу.
  • Денсаулық сақтау кадрларын оқытудың отандық және халықаралық тәжірибесін зерделеу және пайдалану.
  • Кәсіби-құзыретті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
  • ҚР және С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жастар саясатын іске асыру.
  • Тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен СӨС-тің берік негіздерін қалыптастыру.
  • Білім алушыларды азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу.
  • Білім алушыларды мамандық бойынша жұмысты орындауға моральдық және психологиялық дайындыққа баулу.
  • Оқу әдебиеті мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу.
  • ҚР Заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың қағидаттары мен нормаларын сақтау.
  • 3 тілді оқыту бағдарламасын жүзеге асыру.
  • Медициналық білім беру мамандарын құқықтық даярлаудың оқу процесіне оқытудың инновациялық технологияларын енгізу.
  • Практикаға бағдарланған оқытуды жүзеге асыру, құқықтық ғылым мен практикадағы жаңа жетістіктерді практикалық сабақтарда пайдалану, білім алушылардың практикалық тапсырмалар мен кейстерді орындауы, өзіндік жұмысты ұйымдастыру есебінен мамандарды даярлау сапасын арттыру.
  • Білім алушылардың өзіндік жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіру, ПОҚ-ның оқу жұмысының осы түріне деген талабын арттыру
  • ПОҚ біліктілігін арттыру.