Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы

2013-2014 жж. проф. М. А. Камалиевтің жетекшілігімен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша Республикалық байқауда 4 курс “Жалпы медицина” мамандығының студенті Тұрғалиев А., 3 курс “Медициналық-профилактикалық іс” мамандығының студенті Азизханов П. ” С. Д. Асфендиярова атындағы КазҰМУ университеттік клиникасында лабораториялық-ақпараттық жүйені әзірлеу және енгізу” тақырыбындағы ғылыми жұмысымен, доцент А. М. Шахиеваның жетекшілігімен, «Әлемдік ғылымның стратегиялық сұрақтары» атты Польшада2014 жылы өткен халықаралық конференцияда баяндалған, “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығының 5 курс студенттері Досметов А., Сыдықов М. “Эвтаназияға студент – медиктердің көзқарасы” атты ғылыми жұмыстарымен қатысты.

“Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері” атты үйірме үздіксіз жұмыс істеуде. Үйірме мүшелері кафедраның ғылыми өмірінде белсенді қатысады. Университеттік деңгейде өткен студенттік ғылыми жұмыстың байқауында жүлделі орын алған студенттер- “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығының 5 курс студенті Абсаматова А. м.ғ.к доцент А. А. Айтманбетованың жетекшілігімен “Стационар жағдайындағы орта медициналық персоналдың жұмыс аспектілерімен қанағаттану дәрежесін бағалау” тақырыбымен “Шексіз шығармашылық” номинациясына ие болды, м. ғ. к., доцент Ж. А. Кожекенованың жетекшілігімен “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығының 5 курс студенті Мирзабаева А. “Стационардағы мейірбикелердің төлем ақысын зерттеу” тақырыбымен “Практикалық мәні бар үздік студенттік жұмыс» номинациясы берілді, М.Н. Жакупованың жетекшілігімен «Жалпы медицина» мамандығының 3 курс студенті Елжас Е. «Студенттердің арасындағы туберкулез мәселесі» тақырыбымен Жеңіске деген ерігі үшін» номинациясы берілді; Н.Б. Абиырованың жетекшілігімен “Жалпы медицина” мамандығының 3 курс студенті Қалдыбек А. “Студенттердің арасында фаст-фуд өнімдерін қолданудағы зияндылығын медициналық-әлеуметтік зерттеу” тақырыбымен “ең өткір дисскуссия үшін” номинациясы берілді

2014-2015 оқу жылында кафедраның ПОҚ жетекшілігімен қоғамдық өмір туралы мәселелер бойынша бірқатар студенттік іс-шаралар өткізілді. Олардың ішінде «Мейірбике ісі” мамандығының 4 курс студенттері, “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығының 3 курс студенттері, “Медициналық – профилактикалық іс” мамандығының 1 курс студенттерінің қатысуымен «Жемқорлықпен күрек- әркімнің міндеті” атты дөңгелек үстелдер өтті. Баяндама тақырыптары: “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес”, “Жемқорлықты алдын алу”, “сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары”. ҚР Тәуелсіздік Күніне “Тәуелсіздік – болашаққа жол” атты дөңгелек үстелде “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығының 4 курс студенттерімен талқыланған сұрақтардың тақырыптары: “Тәуелсіздік жолы – тарихи жол”, “Тәуелсіздік құрбандары”, “Қазақстан Республикасының Рәміздері”; Бірінші Президент күніне «Біздің Президент – біздің көшбасшымыз” атты конференция өткізілді. “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығының 1 курс студенттері “Елі үшін туған елбасы” «Президенттің қалыптасу жолы”, “Тәуелсіз мемлекеттің негізін Қалаушы”, “Президент – Атазаңнын кепілі ретінде” және т.б.

КазҰМУ ғылыми студенттік жұмыстардың материалдарында студенттік ғылыми конференцияларда жүлделі орындар алған ең үздік жұмыстар енгізілген. Оның ішінде м. ғ. к. А.Н. Нұрбақыттің жетекшілігімен «Алматы қаласындағы жол – көлік оқиғасы кезіндегі алғашқы медициналық көмекті жетілдіру» атты “Жалпы медицина” мамандығының 3 курс студенттері Сыдық Н., Кенжебек А. ғылыми жұмысы, м. ғ. к Айтманбетованың жетекшілігімен «Денсаулық сақтау мекемелеріндегі мейірбике персоналының ақпараттық-технологиялық жүйеге қатынасы және дайындығы» атты “Жалпы медицина” мамандығының 3 курс студенттері Амангелдиева А., Найманбай А. ғылыми жұмысы, оқытушылар Н.Б. Абиырованың, А.М. Орманованың жетекшіліктерімен “Көз кемшілігін көзәйнектік және контактілік түзетудің түрлі тұрғындар топтары үшін қолжетімділігі (Алматы қаласы мысалында)” атты “Жалпы медицина” мамандығының студенті Сагынбековой. А. ғылыми жұмысы, аға оқытушы Н.Ж. Дәрменнің жетекшілігімен “Қазіргі жағдайдағы Алматы қаласы әйелдерінің репродуктивті жүріс-тұрысы” атты “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығының 3 курс студенттері Қасымалиевой Ф., Тағайбай Д. ғылыми жұмысы, м. ғ. к А.М. Шахиеваның жетекшілігімен «Медицинаның қоғамдық денсаулыққа байланысты Этикалық мәселелері» атты «Жалпы медицина» мамандығының 3 курс студенттері Юлдашева Ф., Жұмаш М., Мұхамеджанова А. ғылыми жұмыстары енгізілген.

2015-2016 жж. Профессор М.А. Камалиевтің жетекшілігімен “Ғылым және медицина: жастардың заманауи көзқарасы” атты III халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда «Медициналық-әлеуметтік сипаты және науқастарды коронарлы шунттаудан кейінгі емдеу нәтижесі” тақырыбы бойынша студенттік ғылыми жұмыс, III халықаралық фарабиев оқуында «Медициналық-әлеуметтік сипаты және науқастарды коронарлы шунттаудан кейінгі емдеу нәтижесі” тақырыбы бойынша студенттік ғылыми жұмыс қатысты.

Кафедраның ПОҚ жетекшілігімен студенттердің ғылыми мақалалары басылым көрген. Олардың ішінде “Қоғамдық денсаулық сақтау мен профилактикалық медицинаның приоритеттері – 21 ғасырда” атты ғылыми-практикалық конференцияда м. ғ. к. А.Н. Нұрбақыт «Неврологиялық ауру қызмет жағдайы және аурушаңдық мәселесі», “Халыққа көрсетілетін амбулаторлық қызметтің сапасын бағалау”, “Жалпы тәжірибелік дәрігерлердің еңбек жағдайын бағалау” тақырыптарына, “World Science” халықаралық профессор М.А. Камалиевтің жетекшілігімен “ҚР қан айналым жүйесі аурулары және халықты жоғары технологиялық медициналық көмекпен қамтамасыз ету” тақырыптарына мақалалар басылым көрген.