Х.Досмұхамедов ат. Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінен Литва мемлекетінде өткен академиялық ұтқырлықтан өткен студенттердің пікірі

2017 жылдың қараша айында Х.Досмұхамедов ат. Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде ағылшын тілін жақсы меңгерген студенттер арасында Литва мемлекетіне екі ай көлемінде (желтоқсан-қаңтар) академиялық ұтқырлыққа жіберу үшін конкурс өткізілген болатын. Барлық конкурсқа қатысқан студенттерден ішінен біздерден 5 студент жіберілген: 5 курс студенттері Бигазинова Алима, Оразумбекова Бинур және Жуманбаева Динара, 4 курс студенті Ахметкалиева Алтынай және 3 курс студенті Тленова Сабина. Біз Литвалық денсаулық ғылымдары университетінде (Каунас қ.) «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша оқудан өттік.

Екі ай ішінде біз Қоғамдық денсаулық сақтауға қатысты Environmental and social medicine, Basics of Preventive medicine, Organization of Scientific research және басқа да бірнеше пәндерді игердік. Бізге барлық оқу үрдісі өте ұнады, себебі біз әлемнің түпкір-түкпірінен келген көптеген студенттермен бірге оқыдық, білімімізбен алмасып, жаңа достарды таптық. Бізді қуантқан тағы да бір жайт, бұл біз үшін ҚазҰМУ қабырғаларында меңгерген білімімізді көрсетіп, әр пәнде ең үздік студенттер қатарына көрінуге мүмкіндігіміз болды. Осы уақыт аралығында Қазақстанда қазақ және орыс тілі бөлімдерінде оқығанымызға қарамастан, біз жақсы оқу үлгерімін көрсетіп, ағылшын тілін меңгеру дәрежемізді көтерттік. Оқу барысында біз үздік профессорлардың дәрістерін тыңдап, озық ғылыми жұмыстар мен мақалаларды талдап, қоғамдық денсаулық сақтау саласын біздің елімізде дамыту жайлы біршама идеяларға ие болдық. Оқуымыздың жемісті еңбегі ретінде біз барлық емтихандарды өте жақсы тапсырып шықтық.

Біз университетіміз студенттерге шет елде оқып, тек өз мамандығы жайлы білімді жетілдіру емес, сонымен қоса барлық әлемнен оқуға келген басқа студенттермен араласып, басқа елдің мәдениетімен танысып, ұлтаралық қатынастарды нығайтуға және рухани жағынан дамуға беріп жатқан мүмкіндік үшін өте қуаныштымыз. Бүгінде біз Қоғамдық денсаулық саласында алған теңгесіз білім мен тәжірибе үшін, бізге деген сенім үшін, сонымен қатар университет айыройын біздің тарапымыздан шет елде қорғауға берген мүмкіндік үшін С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Нұрғожин Т.С., ҚДС мектебінің деканы Давлетов Қ.Қ. және барлық атсалысқан университет ұжымына шексіз алғысымызды білдіреміз.

Бигазинова Алима Маратовна – 5 курс, ОЗ

Жуманбаева Динара Абдугалиевна – 5 курс, ОЗ

Оразумбекова Бинур Канатовна – 5 курс, ОЗ

Ахметқалиева Алтынай Қайратқызы – 4 курс, ОЗ

Тленова Сабина Бауыржанқызы – 3 курс, ОЗ