«Қош келдің Әз-наурыз!» мерекелік іс-шарасы

02.04.2014ж. «Жалпы гигиена және экология» кафедрасында аға оқытушылар: Молдақарызова А.Ж., Желдербаева М.К., Сламкулова С.Ш., Бегимбетова Г.А. ұйымдастыруымен және кафедраның ПОҚ ат салысуымен «Қош келдің Әз-наурыз!» мерекелік іс-шарасы өткізілді. Кеш қонақтары болып: ҚазҰМУ ректорының кеңесшісі, проф. Мустафина Ж.Г., әлеуметтік тәрбие жұмысының жетекші маманы Акшина Г.М., ҚДС факультеті деканының орынбасары Абирова А.А., ЖМ деканының орынбасарлары: Имашева А.И., Тусупбекова С.К. және кафедраның меңгерушісі, проф. Кенесариев Ү.И., ҚДС департаментінің ББК төрайымы Алимова Н.Е. қатысты. Мерекелік іс-шараға: ЖМ 11-001-1/2, 11-002-1, 11-003-1 және ҚДС 12-002-1, МПІ 12-002-1,2 топ студенттерінің орындауында қазақтың салт-дәстүрі «селт еткізер» көрінісі қойылды. Сонымен қатар қазақтың әдет-ғұрыптары бойынша сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, наурыз туралы өлең-жырлар айтылды, би биленді. Келген қонақтар мерекелік іс-шараға жоғары баға беріп, алған әсерлерімен бөлісіп және көтеріңкі көңіл күйде бола отырып, наурызға арналған дастарханнан дәм татты.

 

aVrqNGzorBw

 

 

gc5W7fsEr5Y

s1uc0v-BZ-M

v09w_8ohxcE

_d0vsBAWGX0

9wlBx0xYRP8