Environmental Protection журналына “Human Health Cost of Air Pollution in Kazaкhstan” атты мақала жарық көрді.

Environmental Protection журналына “Human Health Cost of Air Pollution in Kazaкhstan” атты мақала жарық көрді.

Environmental Protection (2013, 4, 869-876) журналына “Human Health Cost of Air Pollution in Kazaкhstan” атты мақала жарық көрді. Авторлары: Кенесариев У.И., Голуб А., Майкл С.Броди, Досмухаметов А.Т., Амрин М.К., Ержанова А.Е., Кенесары Д.У.

Осы жұмыс ғылыми — зерттеу бағытындағы жоба бойынша мынадай тақырыпта «Қарашығанақ мұнай – газ конденсат кен орнындағы бекітілген санитарлық қорғау аймағы» жүргізілді (ҚМГКО СҚЗ). (Келісімшарт № 23/13 2013 жылдың 3 маусымнан, ҚазММУ ғылыми ( ғылыми — әдістемелік) Кеңесінің отырысында мақұлданған, хаттама №7 25 маусым № 2212 бұйрық «11» 07. 2013 г )

  1. Жобадағы техникалық тапсырмалардың сәйкестігімен зерттелетін ауданға ғылыми экспедиция кезінде 2011-2012 жылдар аралығындағы ҚР мемлекеттік мекемелерінен арнайы статистикалық мәліметтер және құжаттар жинақталды. Ол мәліметтер сол жерде тұратын тұрғындардың денсаулығының жағдайын, әлеуметтік – демографиялық мінездемесін және санитарлы – эпидемиологиялық жағдайын білуге көмегін тигізді. Сонымен қатар осы қорытындыда жиналған мәліметтер қауіп – қатердің қоршаған ортаға әсер етуін және 10 пункта орналасқан халықтың денсаулығының әсеріне баға жүргізу үшін керек.
  2. Барынша көп — бір жолғы шоғырлану бойынша негізгі ластаушы қоспалардың (күкірт диоксиді, күкіртсутек, азот диоксиді, көміртек оксиді) мәліметтері жиналды;
  3. 2010 жыл мен 2012 жыл аралығында (ҚМГКО СҚЗ) тұрғындар пунктіне жақын жердегі атмосфералық ауаның ластану деңгейі бойынша зертханалық бақылаудың мәліметтері жиналды. Өндірістік экологиялық бақылау бойынша алынған мәліметтерде (зерттелген сынама саны, оның ішінде % табылды);
  4. СҚЗ шекарасында метан, меркаптан, (Бурлинск ауданы бойынша санитарлық – эпидемиологиялық сараптама орталығы) мемлекеттік мекемеден бензол, ксилол, толуол бойынша мәліметтер жиналды.
  5. Ресей федерациясындағы алдынғы қатарлы сарапшылардың ішінен қауіп – қатердің тұрғындар денсаулығына әсері бойынша коммуналдық гигиена кафедрасының меңгерушісінің, Ресей медициналық академиясының жетекшісінің сараптамалық шешімі алынды, «Атмосферадағы ауаның химиялық факторлармен ластануының тұрғындар денсаулығына қауіп қатерінің бағасы» бөлім есебінің рецензенті м.ғ.д., профессор Авалиани С.Л. болды.
  6. Қарашығанақ кен орнына жақын жатқани 10 ауылды мекенге (Берёзовка, Приуральное, Жарсуат, Димитрово, Жанаталап, Бестау, Карачаганак, Каракемир, Ақсай қаласындағы Успеновка) әлеуметтік – демографиялық мінездемесіне, тұрғындардың ауру деңгейіне және санитарлық – эпидемиологиялық ахуалына (орналасуына, ауданның территориясына, халық санына, 2010-2012 жылдар аралығындағы орналасқан тұрғындардың ауру деңгейі мен санитарлық – эпидемиологиялық жағдайына ) сипаттама берілген.
  7. Бөлімдердегі баяндалған мәліметтер қорытындымен аяқталды. Заттық бақылаудың (өндірістік мониторингтегі мәлімет) жылдық циклының қорытындысы бойынша, сонымен қатар өткен зерттеулерді қазіргімен салыстыру және анализдеу арқылы, бөлімдердің қорытындылары бойынша 2010-2012 жылдардағы атмосфералық ауаның химиялық ластаушы көзі ретінде Қарашығанақ мұнай – газ конденсат кен орнына қысқаша сипаттама берілді.
  8. Заттық бақылаудың (өндірістік мониторингтегі мәліметі) жылдық циклының мәліметі бойынша қауіптілікке теңестіру жүргізілді, сонымен қатар Қарашығанақдағы 4 технологиялық сызық пайдаланылымға енгізілгеннен кейін мекеме технологиясының өзгеру анализінің қорытындысы бойынша, жалпы дайындалған пештер, ЭКО орталықтың ауданындағы қалдықтарды пайдаға асыру кешеннің және қоршаған ортаны ластаушы көп мөлшердегі қоспаның пайда болуына немесе атмосфералық ауадағы агенттердің әсер етуіндегі гигиеналық қауіпсіздіктің бағасына теңестіру жүргізілді. Осы кезеңге бағаның белгісіздігі берілген.
  9. Адамдардың қоршаған ортасындағы қалдықтардан мөлшеріне және әр түрлі дәрежедегі ластаушы көздерге «мөлшер – әсер» анализдік мәліметтері негізінде гигиеналық өлшемге баға берілді;
  10. Қалдықтар санының жоғарлылығы үшін өндірістік мониторингтік қорытындысы бойынша немесе анализденген әр зат алмасу жолы үшін агенттердің әсері бойынша экспозициялық баға берілді.
  11. Экспозициялық ауырлыққа жауап ретінде тұрғындар денсаулығына жағымсыз әсерлердің бағасын және ластанған территорияға олардан алынған анализбен орналастыруындағы қауіп — қатерге сипаттама берілді. Маңызды басқару шешімін өңдеуге ұсыныстар негізделді және белгісіз анализ жасалды.
  12. «Атмосфералық ауаның химиялық факторлармен ластануындағы тұрғындар денсаулығының қауіп – қатерін бағалау» бөлімі бойынша алдыңғы қатардағы сарапшы Майкл С.Броди, АҚШ American University профессоры, экология саласындағы PhD рецензия алынды.
  13. «2010-2012 жылдардағы атмосфералық ауаның химиялық факторлармен ластануындағы тұрғындар денсаулығының қауіп – қатерін бағалау» бөлімі бойынша Қазақстан қолданбалы экология агенттігінің есебі көрсетілді.