Абылкасымов Ерасыл Абылкасымұлымен кездесу

Университет білім алушыларының медицина және денсаулық сақтау саласының қайраткерлерімен 2018-2019 оқу жылына кездесу жоспарына сәйкес, 2018 жылдың 15 қазанында Университеттің «Даңқ Залында» м.ғ.д., ҚР парламент Мәжілісінің депутаты (1999-2004), (2004-2007) Абылкасымов Ерасыл Абылкасымұлымен кездесу өтті. Стратегиялық және корпоративтік даму жөніндегі проректор У.М.Датхаев аталған кездесудің мақсаты туралы айтып, шақырылған қонақтың студенттер үшін маңызды кездесу болып табылатынын атап өтті. Келесі кезекте Ерасыл Әбілқасымұлы сөз алып студенттерге өзінің естеліктерімен бөлісті. Студент кездегі фото естеліктерін көрсетіп, университетке өзімен алып келген кітаптарын сыйлыққа тартты. Өмір жолындағы жеткен жетістіктері мен кездескен қиындықтардан қалай өткендегі туралы әсерлі сұхбат құрды. Кеш қонағының құрметіне студенттер керемет күй орындады. Кездесу соңында қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтау кафедрасының меңгерушісі М.А.Камалиев сөз алып университет тарапынан алғыс айтып, кішігірім сыйлық пен гүл шоқтарын ұсынды. Кездесу өте әсерлі өтіп, кеш соңында барлығы келген қонақпен естелік суретке түсті. Аталған кешке Х.Досмұхамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебі мен Стоматология мектебінің профессор-оқытушылар құрамы мен 250 студент қатысты.

Ұйымдастырушылар Х.Досмұхамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебі, Стоматология мектебі