Мейіргер ісі» кафедра оқытушылары және «Мейіргер ісі» білім беру комитетінің (ББК) тәжірибелік бас мейіргерлер қатысуымен отырыс өткізілді

2020 жылы Ақпан айының 28 күні «Мейіргер ісі» кафедра оқытушылары және «Мейіргер ісі» білім беру комитетінің (ББК) тәжірибелік бас мейіргерлер қатысуымен отырыс өткізілді. Яғни, отырысқа емдеу алдын алу мекемелерінің бас мейіргерлері және Тагирова.Р.Т., Оразбакова.Г.О., Касымова Р.Н., Ибадуллп М.Б, Шаки Д.Т қатысты. Қатысушылардың талқылау негізінде «Мейіргер ісі» мамандығының білім беру және клиникалық тәжірибені жетілдіру мақсатында келесі ұсыныстар жасалды.

  1. «Мейіргер ісі» кафедрасы оқытушыларының медициналық колледж оқытушыларымен академиялық мобильділік бойынша тәжірибе алмасуын тағайындау.
  2. Тәжірибелік бас мейіргерлерімен бірге «Академиялық бакалавриат», «Жеделдетілген академиялық бакалавриат», «Магистратура» және «Доктарантура» оқу бағдарламаларын әзірлеу және оны ЕПМ-дегі мейіргерлерге ақпараттандыру. Осы бағдарлама негізінде жоғары білімі бар мейірерлердің клиникалық жүктемесі бойынша ұсыныстарды дайындау.
  3. Жыл сайынғы тәжірибелік бас мейірбикелер мен Мейіргер ісі оқытушыларының кездесуін ұйымдастырып отыру.