Деканат қызметкерлері мен кафедра меңгерушілерімен бірлескен отырыс өткізілді

13 қыркүйек 2019 жылы Х.Досмұхамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде деканат қызметкерлері мен кафедра меңгерушілерімен бірлескен отырыс өткізілді. Аталған отырыста «ҚазҰМУ қызметкерлері мен професор оқытушылар құрамының ар-намыс» кодексімен таныстырылды. Аталған кодексте ЖОО жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін, кодекстің нормаларын және іскерлік этикасын сақтау туралы қарастырылған. Мектеп деканы Карибаев Куаныш өз кезегінде аталған кодекс барлығымыздың ортақ мақсатымыз студенттерге кәсіби білім беру және болашақ мамандар даярлауда қызығушылығы мен қабілеттерін дамыту,бәсекеге қабілетті шәкірт тәрбиелеу керек екендігін атап өтті. Отырыс соңында кафедра меңгерушілері кодекспен танысқандығы туралы қол қойды.