2018 жылдың 1-наурыз күні Қоғамдық денсаулық сақтау кафдрасында «1 наурыз –алғыс айту күні» атты тақырыпта тәрбие сағаты өткізілді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 14-қаңтардағы №173-жарлығы бойынша «1-наурыз – Алғыс күні» мерекесі болып бекітілді. «Аталған мереке қазақстандықтардың бір-бірініне деген мейірімділік, достық және ілтипаттылықтарын білдіруінің айқын белгісі болуы мүмкін» , – деп Елбасы айтқан болатын. « Өз тарихыңды біліп және әрдайым мақтан тұтып жүріңіздер» – бұл мерекенің ең негізгі міндеттерінің бірі.

Мерекелік кеште кафедра куратор-ұстаздары, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы және ЖМ015-005-1, ЖМ015-005-2, ЖМ015-006-1, ЖМ015-006-2 топ студенттері қатысты.

Студенттер тақырыпқа байланысты презентациялар дайындап, видеофильм тамашалап, көрініс қойып, өлең айтып және ұлттық аспаптарда ойнап өз өнерлерін көрсетті. Әлем халықтары тілдерінде аман-саулық сұрау сөздерімен және алғыс айту сөздерімен танысты. Осы күннің негізгі мақсаттарының бірі – өскелең ұрпаққа толеранттылық, бір-біріне деген сыйластық пен мейірімділік, сонымен қатар халықаралық және этносаралық байланыстарды елімізде нығайту болып табылады.