“One Health Center for Environmental and Occupational Research — Romania” жобасы бойынша кездесу

2014 ж. сәуір айының 1-3 аралығында ҚазҰМУ еңбек гигиенасы кафедрасында “One Health Center for Environmental and Occupational Research — Romania” жобасы бойынша кездесу өтті. Оған Alexandru Coman мен Marius Ungureanu (Бабеш-Боляй Университеті, Клуж-Напока қ., Румыния), проф. Тоғызбаева Қ.Қ. (ҚазҰМУ еңбек гигиенасы кафедрасының меңгерушісі), Катарбаев А.К. (педиатрия оқу департаментінің директоры), Жакипбаева Б.Т. (эпидемиология кафедрасының меңгерушісі), Бекказинова Д.Б. (коммуналдық гигиена және балалар мен жас өспірімдер гигиенасы кафедрасының доценті) және ҚазҰМУ еңбек гигиенасы кафедрасының оқытушылары қатысты. видео

Кездесу барысында аталмыш жобаның 2-кезеңін дайындау жоспарлары, ҚазҰМУ қызметкерлері орындайтын Қазақстандағы зерттеу тақырыптары, Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғау мен зоонозды жұқпалардың негізгі мәселелері талқыланды. Жоба 1,5 млн USD қаржымен 5 жылға есептелген. Жобаны жасауға әлемнің 8 мемлекеті қатысады (АҚШ, Румыния, Қазақстан, Молдова, Армения, Грузия, Албания және Қырғызстан).

Бұл жоба бойынша үшінші кездесу еді. Алғашқы кездесу 2012 ж. 20 қарашасында осы еңбек гигиенасы кафедрасында өткен болатын. Екінші кездесу 2013 ж. 19 шілдесінде Румынияда «One Health Center for Environmental and Occupational Research» конференциясында орын алды. Онда проф. Тоғызбаева Қ.Қ. «Main problems of occupational health and diseases at the present stage in Kazakhstan» атты тақырыппен баяндама жасаған еді. толығырақ

20140401_150718 20140401_153201 20140401_144945