«Біздің Президент – біздің көсбасшы» тақырыбындағы Тұңғыш Президент Күніне арналған конференция

«Біздің Президент – біздің көсбасшы» тақырыбындағы

Тұңғыш Президент Күніне арналған конференция

2014 ж. 27 желтоқсанда қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасынды кафедра ПОҚ мен 3 курс қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің және 3 курс жалпы медицина факультет студенттерінің қатысуымен «Біздің Президент – біздің көсбасшы» тақырыбында конференция өтті. Негізгі мақсаты студенттерде елбасына деген құрметке, патриоттық тәрбиелеуге, өз еліне деген мақтанышқа, туған еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу болып табылады. Қазақстанның ішкі саясаты, және де халықаралық алаңдағы жетістіктері Президенттің тұлға ретіндегі қасиеттерімен байланысты. Оның бастамасымен ғылым және білім беруді жетілдіру бойынша жаһандық бірқатар реформалар жүргізілді.

  1. Баяндама «Елі үшін туған елбасы» (жетекшісі доцент Айтманбетова А.А.) 302-1 топ ҚДС факультетінің студенті Садирова Мадина.
  2. Баяндама «Президент – қалыптасқан жол» (жетекшісі доцент Кожекенова Ж.А.) ҚДС факультетінің 302-2 топ студенті Шуланбаева Айдана және Сыдық Ақбаян.
  3. Баяндама «Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы» (жетекшісі доцент Шахиева А.М. ) ЖМ факультетінің 343-2 топ студенті Айтбеков Бекежан.
  4. Баяндама «Президент – Ата заң кепілі» (жетекшісі доцент Талкимбаева Н.А.) ЖМ факультетінің 343-1 топ студенті Баймагамбетов Нуржан.
  5. Баяндама «Елін танытқан тұлға» (жетекшісі аға оқытушы Дармен Н.Ж.) ҚДС факультетінің 301-(1,2) студенті Бақтиярқызы Нұрбала және Қасымалиева Фариза

Сонымен қатар жалпы медицина факультетінің 328-1 топ студенттерінің ұйымдастыруымен «Бір Отан. Бір Тағдыр. Бір Елбасы» (жетекшісі аға оқытушы Дармен Н.Ж.) тақырыбында стенд әзірленді.

Конференцияның соңында кафедрадағы кураторлар топтарда студенттермен сұхбат өткізді.