«Вакцинация: за и против!» тақырыбындағы қазақша-орысша жоспарлы шарасы болып өтті

04.11.2015. күні И.К. Каракулов атындағы № 6аудиторияда эпидемиология кафедрасы жұқпалы аурулар кафедрасымен бірігіп, тәрбие жұмысы бойынша «Вакцинация: за и против!» тақырыбындағы қазақша-орысша жоспарлы шарасы болып өтті. Эпидемиология кафедрасынан ұйымдастырушылар: м.ғ.д., профессор Әміреев С.Ә., аға оқытушы Максутова Г.С., оқытушы Жақан Ж. Эпидемиология кафедрасынан дебатқа бакалавр 4 курс (1 топ -№ 402-02 каз., ҚДС) және 5 курс (2 тобы — № 502-02 каз. МПІ, 503-01 каз., МПІ)., барлығы 3 топ қатысты.

Ал, жұқпалы аурулар кафедрасынан ұйымдастырушылар кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Дуйсенова А.К., м.ғ.к., доцент Садыкова А.М., Оспанбекова Н.К. Жұқпалы аурулар кафедрасынан дебатқа 6 курс интерннің 2 тобы – 10, 11 қатысты.

Шара дебат түрінде өтті. «ЗА вакцинацию!» эпидемиология кафедрасының бакалаврлары, ал жұқпалы аурулар кафедрасының интерндері «Против вакцинации!», спикер 6 курстың интерні болды. Спикер дебаттың шартын түсіндіріп, қай топ «ЗА вакцинацию!» және қай топ «Против вакцинации!» екендігін, әр топ 3 минуттан кезек-кезексөз алады. Дебатқа қатысушылар қарсы топқа сұрақтар қойып, келесі топ 3 минут ішінде жауап қайтарып отырды. Дебатқа қатысушыларға шара соңында естелікке сыйлықтар табысталды.