Дәріс «Энергетикалық сусындардың қауіпсіздігі»

11-12 қыркүйек 2014 жылы «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы 5 курс студенттеріне ҚР Тұтынушыларының құқығын қорғау Агенттігінің санитарлық дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Апсеметова Маржан Әжібайқызы «Энергетикалық сусындардың қауіпсіздігі» атты дәріс оқыды. Маржан Әжібайқызы студенттердің сұрақтарына жауап берді. Энергетикалық сусындардың құрамында қандай заттар болады? Адам ағзасына қандай зиянды әсері бар? Энергетикалық сусындарды тұтынғаннан қандай теріс әсері болуы мүмкін және оны тұтыну керек пе? деген сұрақтар қойылды.