ЕЛІМНІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН ТӘУЕЛСІЗДІК

ЕЛІМНІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН ТӘУЕЛСІЗДІК

Жалпы медицина факультетінің 1 курс студенттері және информатика модулінің оқытушылары доц. Шадинова К.С., аға оқыт. Алтекова И.С., оқыт. Жакипова Ш.А. ұйымдастыруымен 10 желтоқсан күні №8 аудиторияда сағат 1230-да «ЕЛІМНІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН ТӘУЕЛСІЗДІК» атты іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараға жалпы медицина факультетінің декан орынбасарлары Наккажина С.Х., Бейсегулова Г.Н. қатысты.

Іс-шара мақсаты: Студенттердің бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру. Іс-шараға жалпы медицина факультетінің студенттері белсене қатысып, топтың белсенділеріне мақтау қағазы мен сертификаттар тапсырылды.