“Сыбайлас жемқорлыққа жол жок” атты студенттік іс шара.

2012 жылдың 21 қыркүйегінде қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасында «Жемқорлыққа – жоқ деп айт!» сынды студенттік іс-шара болып өтті. Маңызды іс-шараны өткізу кафедраның тәрбие ісі жөніндегі жауапты С.С. Буздаева және оқытушылар құрамымен ұсынылып, студенттер тарапынан қолдау тапты. Ол жемқорлықтың маңызды сұрақтарына, мемлекттік жемқорлыққа қарсы саясаттың басты бағыттарына және елде, соның ішінде оқу орындарындағы жемқорлықпен кіресті жетілдіру жолдарына арналды.

Жалпы медицина факультетінің 316 топ студенттері Азат Жукин, Ақбота Әуесбекова и Жансая Нұраліқызының «Жемқорлық – ғасыр дерті» тақырыбындағы қызықты баян,дамасында Қазақстан Республикасындағы жемқорлық жағдайы мен оған қарсы күрес нәтижелері келтірілді.

332-2 тобының студенттері Дана Хуснуллина, Нурболат Дильманов, Амина Жаксыгулова және Гульжазира Ережепованың «Жемқорлықтың мәселесінің қазіргі жағдайы» баяндамасында ҚР жемқорлыққа қарсы заңдылықтардың мазмұны ашылып, осы бағытта жетістікке жеткен елдердің мысалы келтірілген.

332-1 топ студенті Наиля Ниязованың «Corruption in US» тақырыбы АҚШ-ғы жемқорлықпен күрес үлгілері мен әдістері жөнінде болды.

Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының меңгерушісі, профессор М.А. Камалиев жемқорлықтың мемлекет негіздерін, құқықтық тәртіпті және моральдық-этикалық нормаларды бұзатын келеңсіз әлеуметтік құбылыс екендігін атап өтті.

Студенттер университетте жасалған мүмкіндіктерді қолдана отырып, жемқорлыққа белсенді түрде қарсы тұруға атсалысуға шақырылды.