С.Д. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰМУ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОЦЕНТІ А.А. АЙТМАНБЕТОВАНЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ МОБИЛЬДІК БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ

С.Д. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰМУ

ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КАФЕДРАСЫНЫҢ

ДОЦЕНТІ А.А. АЙТМАНБЕТОВАНЫҢ

АКАДЕМИЯЛЫҚ МОБИЛЬДІК БАҒДАРЛАМАСЫ

БОЙЫНША ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ

С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының №1 қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы арасындағы 2014-2016 жылдарға жасалған қызметтестік жөніндегі келісімге және ҚазҰМУ оқытушылар мен студенттердің академиялық мобильдік бағдарламасына сәйкес Шымкент қ. ОҚМФА 20.10.2014ж. №044-0114-1135 шақырту-хатының негізінде 03.11.-14.11. 2014 ж. аралығында іссапар жасалды.

ОҚМФА №1 қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасында меңгерушісі м.ғ.д., проф. М.Ә. Бөлешовтың басқаруымен 23 қызметкер жұмыс жасайды. Олардың құрамында 3 м.ғ.д., проф., 6 м.ғ.к., доцент қ.а., 3 аға оқытушы, 3 магистрлер, 8 магистрант қосалқы қызмет атқарушылар. Студент-бакалаврлармен қатар кафедрада «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығына магистранттарды оқыту жүргізіледі. Бірінші күні кафедра ұжымымен, жұмыстың ұйымдастырылуымен танысқан соң-ақ академиялық мобильдік бойынша құрылған әрекет жоспарын іске асыруға кірістім.

Сабақ кестесіне сәйкес оқытудың сызықтық құрылымы бойынша 10, 11-ші аптасында «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4 курс студенттеріне арналған тәжірибелік сабақтар мен дәрістердің тақырыптық жоспары келесі пәндер бойынша орындалды: «Денсаулық сақтау жүйесіндегі біріншілік медико-санитарлық көмек приоритет ретінде», «Халықты медициналық-әлеуметтік қорғау».

Белгіленген кезеңде оқылған дәрістер тақырыптары: «БМСК көрсетуші мекемелердің функциялары, құрылымы және мемлекеттік нормативтері (10-шы апта), «Ана мен бала денсаулығын қорғау» (11-ші апта). Дәрістер ұзақтығы – 1 академиялық сағ. (50 мин.) аптасына 3 рет.

Аудиторлық тәжірибелік сабақтарда талданған тақырыптар: «Денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын талдау. БМСК көрсету медициналық мекемелеріндегі медициналық-статистикалық құжаттама», «Халыққа емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастыру ұстанымдары», «Денсаулық сақтау жүйесі. Халыққа емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастыру», «Халыққа психиатриялық көмекті ұйымдастыру», онымен қатар ОСӨЖ тақырыптары: «Денсаулық сақтау аймағындағы мемлекеттік саясат. БМСК қаржыландыру», «Жарақат алған науқастармен медико-әлеуметтік жұмыс. Берілген санаттағы адамдардың медициналық және әлеуметтік мәселелері». Тәжірибелік сабақтар ұзақтығы – 2 академиялық сағ. (100 мин.), ОСӨЖ – 3 академиялық сағ. (150 мин.)

Аудиторлық сабақтар тақырыпқа сәйкес тарату материалдарымен, нормативтік-құқықтық және медициналық құжаттармен үйлестірілді. Сабақ тақырыптарының өзектіліг мен заманауи зерттеу тәсілдері электрондық графикалар түрінде көрсетілген жаңа статистикалық мәліметтермен толықтырылған. ОСӨЖ арналған тапсырмалар сатылап шешуге арналған ситуациялық есептер түрінде келтіріліп, студенттерді тәжірибелік машықтың қалыптасуын және алған білімді бекіті құралы ретінде көмектесті.

Оқу аудиториясы мультимедиялық құрылыммен және компьютерлік техникамен жабдықталған. Студенттердің үлгілі тәртібі және олардың дәрістер мен сабақтарға белсенді қатынасуы барлық дайындалған материалды кедергісіз жеткізуге мүмкіндік берді. Сабаққа студенттермен қатар кафедра оқытушылары да қатысты.

Студенттер білімін ағымдағы тексеру блиц- сұрау және тестілеу көмегімен, сонымен қатар ситуациялық есептер шешу арқылы тексерілді.

Кәсіби жабдықталған және еңбексүйгіш кафедрада, іссапар барысында білім берудегі білім және тәжірибемен алмастық. Кафедра қызметкерлерінің өз қонақжайлықтарын ауызбіршілік және достық қарым-қатынаспен көрсете білді.

Жұмыс барысында ОҚМФА оқу-әдістемелік жұмысы бойынша проректоры А.Г. Ибрагимовамен кездесу жасалып, академиялық мобильдік бойынша ұйымдастыру сұрақтары, қызметтестіктің перспективалары және күтілетін нәтижелер талқыланды.