«Эпидемиология» кафедрасының профессорлық оқытушылық құрамы Жеңістің 70-жылдық мерей тойына орай соғыс жылдары тылда жұқпалы аурулармен күресу жайлы «Соғыс жылдары жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталған шаралар және эпидемиолог-дәрігерлерінің атқарған жұмыстары» атты тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

«Эпидемиология» кафедрасының профессорлықоқытушылық құрамыЖеңістің 70-жылдық мерейтойынаорайсоғыс жылдары тылда жұқпалы аурулармен күресу жайлы «Соғыс жылдары жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталған шаралар және эпидемиолог-дәрігерлерінің атқарған жұмыстары» аттытақырыбынадөңгелекүстел өткізілді

2015 жылдың 18 наурыз күні Факультет деканатының тәрбие жоспары жұмысының аясында «Эпидемиология» кафедрасының профессорлық оқытушылық құрамы мен 3 және 5 курс «Медико-профилактикалық іс» мамандығы қоғамдық денсаулық факультеті және 3 курс жалпы медицина студенттерінің қатысуымен соғыс жылдары тылдажұқпалы аурулармен күресу жайлы«Соғыс жылдары жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталған шаралар және эпидемиолог-дәрігерлерінің атқарған жұмыстары» атты тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Ең алғашқы сөзді «Эпидемиология» кафедрасының меңгерушісі профессор СаттаровАдиль Икрамович берілді. Өзінің кіріспе сөзінде соғыс жылдары тылда жұқпалы аурулармен күресуде қазіргі таңдағы Гигиена және эпидемиология институнының атқарылған жұмыстарытуралы баян етті және өсіп келе жатқан ұрпақтарды азаматтық және патриоттық тәрбиелеу, соғыс және еңбек ардагеріне деген құрметке тәрбиелеу туралы айтып өтті. Келесі сөзді «Эпидемиология» кафедрасының профессорыНажмеденова Алтын Габдрешовна өзінің соғысқа қатысқан әкесінің ерлігі жайлы айттып өтті және соғыс жылдары жұқпалы аурулармен күресудегі тылдың ролін студенттерге баян етті. Дөңгелек үстел барысында «Жалпы медицина» мамандығының 3 курс студентіЗамандин Наргиза баяндама жасады, Нурахын Шырын соғыс жылдарына арналған өлең оқыды, сонымен қатар Раисова Айман би орындады және ЖМ12-008-02 топ студенттері «Соғыстың соңғы көктемі атты әнді орындап берді.

Сондай ақ студенттер: стенд және буклет даярлады.

Дөңгелекүстелдідайындаужәнежүргізукезінде кафедра оқытушыларыбелсендіатсалысты, олар: кафедра меңгерушісі, проф. Саттаров А.И.., проф. Нажмеденова А.Г., доцент Алекешова Л.Ж.

Модератор: тьютор және тәрбие жұмысына жауапты аға оқытушы Бейсенбинова Ж.Б.

Қорытынды сөзді кафедра мәртебелі профессоры: Әміреев Сәкен Әміреевичке Соғыс жылдары дәрігрлердің атқарған еңбегі, соның ішінде жұқпалы аурулармен күресудегі алғаш эпидемиолог-профессор Қарақұлов И.Қ. қажырлы еңбектері туралы студенттерге баян етті. Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан батыр бабаларымыздың есімі мәңгі есімізде сақталады.