«Қазақ халқының ұлы перзенті» тақырыбындағы Тұңғыш Президент Күніне арналған конференция

2013 ж. 3 желтоқсанда қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасынды кафедра ПОҚ мен 5 курс қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің, 4 курс мейірбике ісі факультетінің және 2 курс қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің тьюторлық топ студенттерінің қатысуымен «Қазақ халқының ұлы перзенті» тақырыбында конференция өтті. Конфереренцияның негізгі мақсаты студенттерде елбасына деген құрметке, патриоттық тәрбиелеуге, өз еліне деген мақтанышқа, туған еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу болып табылады. ҚР Президент қызметінің маңызы туралы мағлұмат беру. Нaзaрбаeвa Н.А. – тұрақтылықтың, келісімнің, халықаралық ауызбіршіліктің кепілі бола отырып, Қазақстанның динамикалық дамуына оңтайлы әсер ете отырып, ЕСҚҰ саммитінің Астанада өткізілуі куә болады, сонымен қатар 2011 ж. Асатана мен Алматыдағы халықаралық спорттық жарысты айтсақ болады. Қазақстанның ішкі саясаты, және де халықаралық алаңдағы жетістіктері Президенттің тұлға ретіндегі қасиеттерімен байланысты. Оның бастамасымен ғылым және білім беруді жетілдіру бойынша жаһандық бірқатар реформалар жүргізілді.

Президент туралы деректі фильм көрсетілді және қазақ тілінде мейірбике ісі факультетінің 401-1 топ студенті Абдрасыл Айдананың «Елбасы елімен бірге» тақырыбындағы баяндамасы (жетекшісі Абдразакова С.У.) және қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің 201-2 топ тьюторлық топ студенті Ибрашева Альмираның «Тәуелесіз мемлекеттің негізін қалаушы» тақырыбындағы баяндамасы (жетекшісі Дармен Н.Ж.) тыңдалып, онда президенттің өмірбаяны, білімі және жеке қасиеттері туралы айтылды. Сонымен қатар қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің 511-2 топ студенті Дюсупова Анараның «Наш президент с удивителной судьбой» тақырыбында (жетекшісі Кожекенова Ж.А.) және 501-1 топ студенті Абсаматова Айдананың «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» тақырыбында баяндамалары оқылып, онда берілген президентіміздің өмір жолын, еліміздің дамуына қосқан үлесін, өз лауазымындағы қызметіндегі жетістіктері талқыланды. Конференцияның соңында қоғамдық денсаулық факультетінің 501 (1,2) топ студенттерінің ұйымдастыруымен «Үлгі тұтар ғұмыр кешкен» тақырыбында (Жетекшілері Айтманбетова А.А., Жакупова М.Н.) көрініс көрсетілді және тұңғыш президент туралы деректі фильм көрсетілді. Сонымен қатар жалпы медицина факультетінің 3 курс 329-1 топ студенттерінің ұйымдастыруымен «Дана — көсбасшы» (жетекшісі (ст.оқытушы Абиырова Н.Б.) тақырыбында стенд әзірленді.

Конференцияның соңында кафедрадағы кураторлар топтарда студенттермен сұхбат өткізді.