Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты өткізілген дөңгелек үстел

Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің тәрбие жұмысы жоспары бойынша Жалпы гигиена және экология кафедрасында 2016 жылдың 9 ақпанында № 250 аудиторияда «Қазақ хандығына 550 жыл» атты іс шара өткізілді.

Іс шараны өткізушілер: Сулейменова С.С., Сламкулова С.Ш., Токжанова М.С. Қатысқандар: Стоматология факультетінің Ст.15-006 1 курс студенттері

Іс шараның мақсаты:

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы түсінік қалыптастыру.
  • Өз еліне деген сүйіспеншілігін патриоттық сезімін ояту.

Студенттер Керей хан мен Жанибек ханның Қазақ Хандығын қалай құрғаны туралы сахналық көрініс көрсетті. Студенттердің барлығы қазақтың ұлттық киімдерін киіп, әдемі көріністе болды. Соңында викториналық сұрақтар дайындалып, студенттердің білімдері тексерілді.