«Қош келдің — Наурыз» кеші

«Қош келдің — Наурыз» кеші

Жалпы гигиена және экология кафедрасының оқытушылары Анамбаева Айгуль, Адилова Маншук, Айтжанова Гулбаршын, Баялиева Раушан ұйымдастыруымен және Жалпы медицина факультетінің 14-020-01,02 тобы студенттерінің қатысуымен 18.03.2015 ж. «Қош келдің — Наурыз» атты кеш өтікізілді.

Кештің негізгі мақсаты ұлттық мейрамымыздың тарихи маңызын түсіндіру және ата — бабамыздың жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі туралы түсінікті кеңінен тарату, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру болып табылды. Наурыз кешінің бағдарламасында кештің ашылуы, шашу шашу, ұлттық ойындар, Қыдыр атаның батасы көрсетілді және орыс, ұйғыр, испан, үнді, кавказ, қара жорға билерін нақышына салып қыздар мен жігіттер билеп шықты. Кеш қызықты көңілді өтті.

Осы кештің арнайы қонақтары Ректордың студенттер ісі жөніндегі кеңесшісі, Қ.Р. еңбек сіңірген дәрігері профессор Мұстафина Жанар Ғабиденқызы, «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің деканы міндеттін атқарушы Бегадилова Толқын Сембайқызы, Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзіретін дамыту департаментінің директоры Шыңғысбаев Лескен Седіғалымұлы және Жалпы гигиена және экология кафедрасының меңгерушісі Кенесариев Үсен Исмайылұлы және барлық кафедра оқытушылары