29 сәуірде нутрициология кафедрасында 1 мамыр мерекесіне – «Қазақстан халықтарының бірлігі күні » аталып өтті.

Қазақстан – 150-ге жуық ұлт өкілдері ынтымақта өмір сүріп жатқан көпұлтты мемлекет. Мерекелік іс-шараға «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенттерінің қазақ және орыс бөлімінің топтары — 004, 005, 006, 036, 048, және шетел факультетінің ағылшын тобының студенттері қатысты. Шара үштілде өткізілді.

Мерекелік шара жүргізушінің: «Біз барлығымыз осындай ортақ тамаша елде туылып, әр тілде сөйлейміз. Өйткені біздің еліміз Қазақстан — көпұлтты мемлекет. Біздің еліміздің саясаты — Қазақстан халықтарының теңдігін нығайтуға бағытталған, толеранттылықты қалыптастыру. Соған орай, біз бүгін қазақстанда тату –тәтті өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің салт-дәстүрі, мәдениеті мен түрлі қызықты шығармашылығымен танысып қонақта боламыз.

Мерекемізді алдымен үнді халқының өкілдері Индиядан келген студенттеріміз, әрбір қимылының өзі терең мағынаны жеткізетін әсерлі де ырғақты үнді биімен бастады.

Басқа топтар ұлттық: орыс, ұйғыр, өзбек және қазақ ұлттарының билерін орындады. Барлық ән-би орындаушылар әр ұлттың өзіне тән колоритті әсерлі жеткізуге тырысып, ұлттық киімдермен өнер көрсетті. Әсіресе орыстың ұлттық биі «Калинка» билегендер, өздерінің тамаша биімен барша көрермендердің ыстық ықыласына бөленсе, қазақ ұлтын көрсеткен топ — қызды шығарып салу рәсімі «Қыз ұзатуды» домбыра сазымен мазмұнды жеткізе білді.

Барлық топтың студенттері тек ұлттық би билеп қана қоймай, заманауи ырғақты билермен- флеш-моб көрсетті.

Барлығының өнерін тамашалаған соң, жүргізушілер достығы жарасқан көпұлтты республикамыз жайлы викториналық сұрақтар қойып, мысалы, «Ақындар жарысы», «Шаңырақ сипаттамасы» және т.б.. Студенттердің барлығы дерлік сұрақтарға белсенді жауап беріп, өз Отандары туралы көп білетіндіктерін байқатты.

Бүгінгі мерекенің ең жарқын сәті ұлттық тағамдардың этномәдениеттік көрмесі болды. Орыс ұлты дәстүрлі каравайын – ұн мен тұз ұсынса, ал ұйгырлар өздерінің лағмандарын, өзбектер ұлттық шығыс палауын, ал қазақ ұлты әрдайым мақтан тұтатын қазақтың еті мен бауырсағымен дастархан жайылды.

Мейрам соңында студенттер өздері дайындаған ұлттық дәмдерімен өзара бөлісіп, дайындаурецептерімен алмасты. Сөз соңында жүргізушілер — барлығымыз бірге сүйікті елімізге құрмет ретінде сыйлық жасауды ұсынып: барлық ұлт өкілдері жүректерінен шыққан тілектерін плакатқа жазды. Онда — Достық, бақыт, бейбітшілік, процветания, любви, мирового признания, богатства, добра, Достлук, махаббат, т.б. көптеген тілектер болды.

Бұл мейрам біздің студенттердің көкейінде достық, бейбітшіліктің және зор мақтаныш сезімін ұялатып, өздерінің ынтымақты тұтастығын дәлелдеді.