9.12.2014 жылы Қазақстан тарихы және Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында Қазақстан тарихы пәнінен «Ұлы жеңіске-70 жыл» атты тақырыбында ашық тәжірибелік сабақ өткізілді.

9.12.2014 жылы Қазақстан тарихы және Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында Қазақстан тарихы пәнінен «Ұлы жеңіске-70 жыл» атты тақырыбында ашық тәжірибелік сабақ өткізілді.

Бұл сабақтың мақсаты: Ұлы Отан соғысының аяқталуына 70 жыл толуына орай, Ұлы Отан соғысының себептерін, негізгі кезеңдерін, фашистік Германияны жеңу жолындағы қазақстандықтардың үлесін көрсету болып табылады.

Сабақ барысында алға қойылған мақсат пен міндеттер жан-жақты ашылды. Студенттер сабаққа белсенді қатыса отырып, өз білімдерін шыңдады. Өз біліктіліктерін көрсетумен қатар шығармашылық жағынан жан-жақтылық танытты. Тақырыпты өзекті жеткізудің әртүрлі тәсілдері қолданылды:

  • Интелектуалды ойындар мен тапсырмалар
  • Видеофильм
  • Презентациялар
  • Ән- күй, би және тағы басқа қабілеттіліктерін көрсетті. Сабақ өте қызықты әрі жақсы деңгейде өтті.

Қаншама азапты күндерді басынан кешіріп, бүгінгі көк аспанында ақ көгершіні қалықтаған бейбіт күнді сыйлаған біздің — ер жүрек батырларымыз. Олар жеңіс үшін, біздің жарқын болашағымыз үшін аштыққа да, ауыр жұмыстарға да, тіпті өлімге де қарсы тұра білді. Осы ұлы жеңіс үшін батырларымызға мың алғыс, мың тағзым. Олардың есімі мәңгілік есімізде. Олар әкелген тыныш өмірдің тұнығын лайламауға тырысамыз.