Акция «Салауатты тамақтану-заманауи өмір сүру дәстүрі»

11 қазан 2014 жылы Алматы қаласының  Түрксіб ауданында «Абылай хан»  спорттық-сауықтыру кешенінде Ұлттық салауатты тағамтану орталығы Алматы қалалық бөлімі және ҚазҰМУ Нутрициология кафедрасының  ұйымдастыруымен дәстүрлі 16 қазан Бүкіләлемдік дұрыс тамақтану күніне орай, «Салауатты тамақтану-заманауи өмір сүру дәстүрі» атты  Республикалық акция өткізілді.

      Акция мақсаты-мектеп оқушылары,студенттер, қарт адамдар мен ата-аналар арасында ДДҰ сарапшыларының дұрыс тамақтанбаудан туындайтын инфекциялық емес аурулардың алдын алу үшін,  дұрыс тамақтану ережелері мен дағдыларын қалыптастыру, салауатты тамақтану жөніндегі ақпараттану деңгейін жоғарылату.

Акция барысындаТүрксіб ауданының имамы және спорт ардагері, ҚР спорт саласына еңбегі сінген қайраткер, «Құрмет» орденінің иегері Исаханов Омар Жегетбекұлы  сөз сөйлеп, ұйымдастырылған шараға игі тілектерін білдірді.

Акцияда «Денсаулық алаңы», «Зерттеу алаңы», «Шебер класс-Аспаздар мектебі», «Ойындар алаңы» сынды халыққа тегін қызмет көрсету мақсатында алаңдар  ұйымдастырылды.

«Денсаулық алаңында»-азық-түлік сапасы мен қауіпсіздігі және түрлі аурулар кезіндегі тамақтану, артық салмақпен күресу ерекшеліктері жөнінде халықтың түрлі жас топтары арасында ақысыз кеңес беріп, коммуникациялық материалдарды тегін тарату қамтамасыз етілді.

«Зерттеу алаңында»-қан қысымын,дене салмағын өлшеу, денедегі артық салмақ, бұлшық ет массасы, май мөлшерін  және басқада зерттеулер жүргізілді.

 «Ойындар алаңында» салауатты тамақтануды насихаттайтын түрлі конкурстар, викториналарды мектеп оқушылары, студенттер және ересектер арасында өткізілді.

Шара барысында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ң студенттерінің 40 адамға жуық қамтитын флеш-моб тамашаланды. Денсаулықтарына қатысты дұрыс тамақтану жөніндегі көптеген сұрақтарға нутрициология кафедрасының Хасенова Г.Х., Ушанская Е.Ю., Қайнарбаева М.С., Қожахметова А.Н., Нұржанова Қ.С. оқытушылары халыққа тегін кеңестерін берді.