Ашық сабақ «Адамның тамақтануында минералдық заттектердің маңызы»

Ашық сабақ «Адамның тамақтануында минералдық заттектердің маңызы»

2015 жылдың 18ақпанында Нутрициология кафедрасының«Тиімді тамақтануды ұйымдастыру ұстанымдары» элективтік пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес «Адамның тамақтануында минералдық заттектердің маңызы» атты тақырыпта оқытушы Сукенова Динара Асықбайқызының2 курс жалпымедицина факультеті 13-002-1,2 топшаларының студенттеріашық сабақ өткізді.Адам ағзасының минералдық заттектерсіз қалыпты жағдайда тіршілік етуі мүмкін емес, себебі олар түрлі биохимиялық үрдістерге қатысады. Аса маңызды минералдық заттектердің тапшылығының өзі адамның бойында түрлі аурулардың пайда болуына әкеледі. Сонымен қатар, дене және ақыл-ой кемістігін тудырып, халық денсаулығы мен жалпы  ұлттың өміршеңдік көрсеткішін күрт төмендетіп жібереді. Осы мәселелерді талқылай отырып, студенттер өздерінің білімдерін Медициналық білім моделіне сәйкес толықтырды. Ашық сабақ бес кезеңнен құралған. Алдымен білімдерін бағалау үшін тақырып негізінде арнайы баяндама жасалып, қорғалды. Ары қарай студенттер тәжірибелік дағдыларын жетілдіру үшін тағам өнімдерінің құрамы бойынша сипаттама берді. Сонымен қатар, коммуникативтік құзыреттерін дамыту мақсатында ашық сабаққа қатысып отырған басқа топтың студенттеріне сұрақ-жауап негізінде ойындар құрастырды. Ал құқықтық құзыретті тақырыптың мазмұнына сәйкес заңнамамен толықтырды. Ашық сабақтың соңында өзін-өзі жетілдіру кезеңінде оқытушылар мен студенттердің арасында кері байланыс орнатты. Бес құзыретті қамтыған ашық сабақты кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы бағалап, қазіргі таңда микронутриенттер тапшылығының әсіресе балалар, жүкті немесе бала емізетін әйелдер үшін маңыздылығының дүние жүзінде өзекті мәселе болып отырғандығынатап қорытынды берді.