Батыр атамыз Бауыржан Момышулы Рухына Тағзым

Батыр атамыз  Бауыржан Момышулы Рухына Тағзым

1941 жылы батыстан төнген алапат қауіп талай боздақтың,балғын,бағлан азаматтардың өмірін қыршынан қиды. Қаптаған қауіп тұманның ішінде қол ұстасып бірге жүрген кещегі қанды көйлек майдандастардың бұл күнде қатары сиреген. Бірақ кейінгі ұрпақ,яғни,біз екінші дүниежүзілік соғыста қаза болған батырлардың ерлігін еш ұмыт қалдырмаймыз.

Биыл бабалар тарту еткен Ұлы Жеңістің  70 жылдық мерейтойын тойламақпыз. Осы атаулы мерейтойды қарсы алу үшін, бабалар ерлігімен танысуды мақсат көріп өзімнің туган жерім Жамбыл облысы,Жуалы ауданындағы Б.Момышулы атындағы мемориалдық-мұражайға  арнайы тағзым етіп саяхаттап бардым.

Менің туган жерім Б.Момышулы аулына кіреберісінде батырдың алып тұлғасы бейнеленген ескерткіш орналасқан. Ауыл ішінде орналсақан Б.Момышұлы атындағы мемориялдық мұражай ауласында  батырдың 100 жылдық мерейтойына қойылған ескерткіш орналасқан екен. Сол ескерткіш-бюстке тағзым етіп,батыр атамыздың рухы қолдап жүрсін деп тағзым еттім.

Мемориалдық-мұражайдың директоры Ғалия Ауғанбаевнаның көмегімен Б.Момышулының өміріне қатысты көптеген экспонаттармен және батыр атамыздың өмірінен мәлімет беретін деректермен таныстырды. Мұражай 2 бөлімнен тұрады екен,яғни,сол жак бөлігінде «Ұлы отан соғысы»  тақырыбындағы экспонаттар  болса, оң жақ бөлігінде Б.Момышұлының соғыстан кейінгі және жазушылық енбегі көрсетіліп, онда батырдың жұмыс кабинеті жасалған. Оның «Ундервурд» жазу машинасы, жазу үстелі орындығы, шам, кілем, төсегі және басқа да жеке заттары қойылған.

Мұражайда 1836 жәдігер бар болса,оның 329-ын Бауыржан Момышұлының отбасы тарту еткен.Бауыржан атамыз өмірінің 25 жылын әскерге арнап,Ұлы Отан соғысында өшпес ерлік көрсеткен екен.Ол 315-шы атқыштар дивизиясын басқара отырып, Кеңестер Одағының астанасы Мәскеудегі фашистерден кеудесімен қорғаған,сондықтан да мұражайда үлкен қабырға Мәскеу түбіндегі  шайқас бейнеленген картина салынған.

Мұражай қабырғалары мен мөрелеріне қойылған Бауыржан атаның фотосуреттерін көріп,халық мойындаған батыр бабамыз жүздеген  соғыс қимылдарына қатысып,жаудың қоршауынан 5 рет өз жауынгерлерін аман алып шыққан. Көзінің тірісінде Кеңес одағы батырға лайықты атақты қимаған. Бірақ туған халқы ол кісіні қаһарман батыр деп таныған. Тек Тәуелсіздік алған жылдары Елбасының араласуымен «Кеңес Одағының батыры» атағы берілген.

Батыр атамыздың мұражайына барып, оның өміріне байланысты көптеген  жәдігерлерді көзбен көріп,үлкен әсер алдым. Бауыржан атамыздың «Отан үшін отқа түс-күймейсің» деген сөзін үнемі жадымызда сақтап,тәуелсіз Қазақстанымызды гүлдену үшін жақсы білім алып,болашақта ұлтжанды азамат болуға талпынамыз.

Ұлы Жеңіске үлес қосқан батыр атамыздың өмірінен тағылым алып, «Жүз рет естігеннен, бір рет  көрген артық» дегендей,Б.Момышұлы атамыздың мұражайына танымдық саяхат жасап келдім.

Жалпы гигиена және экология кафедрасының,  доценті Бегимбетова Гульшат Алтаевна