Бүлдіршінерге арналған Наурыз мейрамы

Наурыз айының 18 жұлдызында С.Ж. Асфендияров университетінің  Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің қолдауымен,«Денсаулық сақтаудағы және фармациядағы экономика» модулінің және мектеп ұжымының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы №6 мектеп-интернатында  Наурыз мейрамына арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды.  Іс шара Наурыз мейрамының шығу тарихынан басталды.Наурыз қазақ елі үшін маңызды мейрамдардың бірі. Ол Жаңа жылдың басы. Күн жылынып, қар еріп, жан-жануар жаздың жақындағанын сезіп көңілденген кез.Сахнаға Қыдыр ата шығып:

Наурыз келді жаңарып қалам, жасарып далам.

Тойлап жатыр барша жұрт, жарасып балам.

Жаңарсын әлем Наурызбен бірге,

Ортамыз толсын әнменен күйге.

Қолыңды жай тіле бата,

Келді бүгін сіздерге Қыдыр ата.

Айбынды елім қазағым менің,

Өркендеп өсіп, озамын дедің,

Орынды алсын қазағым төрден,

Мол болсын ырыс Наурызда келген.

Ұлыстың ұлы күнімен бірге,

Наурызды тойла, қалдым деп жүрме,

Еңбекшіл болсын, оқысын жастар,

Үйренсің бәрін, үлкендер қостар.

Тәуелсіздік құтты болсын ұстап тұрған қолдағы.

Жарқын болсын, жарқыраған Астанадай болашағы алдағы,

Ақ мол болсын, аман болсын жан-жағы

Наурыз күні орындалсын әр қазақтың арманы. –деп батасын арнады.

Кейін Наурыз мейрамына арналған №6 мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен сахналық көрініс жол тартты.

Университетіміздің атынан модуліміздің оқытушысы  Сериева Жанар Алимхановна Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін арнады. Концерттік бағдарламаны ұйымдастыруға кураторлар Иматаева А.Е., Жұматай Ж.Ж., Каликов М.А., Сериева Ж.А. және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының студенттері жоғары белсенділік танытты. Студенттердің орындауындағы келесі нөмірлерді ерекше болды деп атап өтуге болады. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының студенттері Рахматуллин Тимур мен Мәлік Динара сусабыннан шар үрлеп шығару шоуына қатысып, бүлдіршіндерді бір қуанышқа бөледі. Мың бұралған бишілеріміз де «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының студенті Мыңжасарова Айгерім қазақ биін тарту етсе. Үндістаннан келген «Жалпы медицина» мамандығының студенттері үнді биімен балаларды шаттыққа бөледі.  Әсем ән айтылды, күй тартылды адамның жанына жылу сыйлайтын керемет мерекелік кеш болды. Концерт соңында сөз алған интернат директоры Аида Жангалиевна көпшілікті Наурыз мейрамымен құттықтап, Асфендияров атынағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті ұжымына алғысын білдірді.

Өткізілген іс шараның үш бірдей үлкен құндылығын атап өтуге болады:Біріншісі,  студенттер үшін тағлымды іс болды. Студенттеріміз мұндай іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу арқылы үлкен тәрбиелік мағынасы бар адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіріп, ұлтымыздың баянды болашағына гуманды бағытта қызмет ету үшін бағдар алды.Екіншісі, балалық шақтары қызыққа толған бүлдіршіндерге мерекелік кеш есте қаларлық үлкен әсер қалдырса. Үшіншіден, бәріміз бірігіп Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурызды атап өттік.

Іс-шараны өткізуге ат салысқан барлық жандарға алғысымызды білдіреміз.Әрбір адам шарапаты мол істерді жасауға атсалысса, нұр үстіне нұр болады.Алдағы уақытта да мұндай игі шаралар жалғасын табатыны сөзсіз, қоғамымыз үшін пайдалы болу міндетіміз деп білеміз.

«Денсаулық сақтаудағы және фармациядағы экономика» модулінің баспасөз қызметі.