Вакцинология мектебі

«Вакцинология мектебі» С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ  Ғылыми Кеңесі шешімімен (хаттама  №6-25.02. 2011 ж) эпидемиология кафедрасында құрылды  және ҚР ДСМ МСЭҚК   мен мониторингілеу  ҒПО- мен бірге белсенді қызмет атқаруда .

Вакцинология мектебі  — оқытудың жаңа интерактивті нысандарын іске асыратын білім беру орталығы, ол жұқпалы ауруларды вакцинопрофилактика әдісімен алдын алуға жаңа әдіскерлікті медицина кадрларын дайындау ісіне ендіруге ат салысады, шетелдік ең үздік білім беру үлгілеріне сай үздіксіз медициналық білім берудің негізін қалауға және халық денсаулығын сақтауға, жұқпалы ауруларға қарсы сапалы арнайы алдын алуға қолжетімділікті арттыруға көмектеседі.

Сонымен қатар Вакцинология мектебі практикаға жаңа вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препараттарды енгізу  үшін ғылыми-зерттеу жұмысымен де айналысады.

Мақсат: ҚазҰМУ және басқа да медициналық ЖООы студенттерінің, магистранттарының, докторанттардың, санэпидқадағалау департаменттері дәрігерлерінің; БМСК, ЕПҰ мамандарының (педиатрлар, терапевтер, акушергинекологтар, гигиенистер, эпидемиологтар, ауруханалық эпидемиологтар, медбикелер) иммунопрофилактика бойынша кәсіби білімі мен практикалық дағдыларын жетілдіру және осы саладағы ғылыми-зерттеу жұмысын жаңа белеске көтеру.

Міндеттер:

  • Иммунопрофилактика кабинеттері қызметі бойынша ЕПҰы мен БМСК ұйымдарына ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсету.
  • Вакцинопрофилактика мәселесі бойынша оқыту семинарларын, ғылыми конференцияларды, симпозиумдарды, кездесулерді, консультацияларды, тренингілеуді, басқа да профилактикалық іс шараларын алыс, жақын шетелдер ғалымдары және иммунобиологиялық препараттарды өндірушілер қатысуымен өткізу.
  • Вакцинопрофилактика саласында ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша мүмкін гранттар туралы ақпараттандыру.
  • Медициналық мәселелер (вакцинопрофилактиканы қоса) БАҚ-та жариялаумен шұғылданатын журналистер үшін тренингілеу өткізу.
  • Вакцинация саласындағы халықаралық (ДҰҰ Еупопалық комитеті, ЮСАИД, ЮНИСЕФ, СДС) және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту.
  • Қазақстан Республикасы халқы мен медицина қызметкерлері ақпараттануын көтеру үшін Интернетте «Вакцинопрофилатика kz» сайтын ашу және қызмет жасауын қамтамасыз ету.
    • ·Халық арасында  вакциналарға қарсы көзқарас тумауы үшін кешенді  іс- шаралар жүргізу, жұқпалы аурулармен күресуде және олардан сақтандыруда вакциналарды қолданудың әлеуметтік, медициналық және  экономикалық тиімділігін насихаттау.
  • ҚР ДМС жанындағы Консультативтік Комитет жұмысына вакцинопрофилактика бойынша қолдау көрсету, ол үшін Вакцинология мектебі қызметкерлерін Комитет секретариаты  жұмысына қатыстыру.

Иммунизация   қазіргі уақытта  аса маңызды әлеуметтік құндылық, ол демографияға, экономика және аурулар эволюциясына әсер етеді.  Мамандар пікірінше, иммунизация — денсаулық сақтау жүйесін нығайтуда және үстіміздегі мыңжылдық мақсатына жетудегі басты элемент.

Соңгы  150 жылда әлем халқы өмірі  30 жылға ұзарды, оның   25  жылы -вакцинацияға тиесілі. ДДҰ сарапшылары адамдар өмірінің сапасына  вакцинация мен таза су әсері айрықша деп санайды.  «Вакцинапрофилактика және таза су — қоғамдық денсаулыққа шынайы әсер ететін жалғыз шара» (ДДҰ  Еуропалық өңірлік бюро, Женева, 2005 ж).  1999 жылы сырқаттылықты бақылау Орталықтары (СДС) АҚШ елдері   1900-1999   жылдары денсаулық сақтау саласындағы  10 аса ұлы жетістіктер тізімін жариялады.   XX  ғасырда  денсаулық сақтаудағы осы ұлы жетістіктер тізімінде бірінші болып иммунопрофилактика  тұр.

Иммунопрофилактика жыл сайын 2,5 млн баланы ажалдан сақтайды.    14 вакцинамен әлемнің барлық балаларын иммунизациямен 2015 ж дейін қамту  90% жетсе, жылына қосымша 2 млн бала өлімнен құтылар еді. Қолданыста бар  50 инфекцияға қарсы вакциналардың (мысалы, АКДС-те жасушасыз көкжөтел компоненті, өлі полиомиелит вакцинасы, гендік-инженерлік  ВГВ вакцинасы ж.б.) иммуногендігін, қауіпсіздігін, енгізу әдістерін жақсарту үшін тұрақты ғылыми-зерттеулер жүргізілуде. Безгекке қарсы вакцина практикаға шығуға дайын. Бұл инвазиядан жыл сайын 1,7  млн адам өледі, 100   шақты безгек аймақты елде  2 млрд-тан астам адам зарарлану қаупіне ұшырауда. РС — вирустық, ЦМВ, АИВ,  Денге инфекцияларына қарсы жаңа вакциналар жасалуда. Көптеген дамыған елдерде жатыр мойыны обырының қоздырғышы болып табылатын папиллома вирусына қарсы вакциналар табысты қолдануда. Жаңа вакциналар (АПВ-ға қарсы вакцинацияны қоса) мен басқа да иммунобиологиялық препараттарды практикаға ендіруді көздейтін ғылыми зерттеу жұмысымен Вакцинология мектебі де айналысуда.

«Медициналық қызметкерлер мен халықты оқыту-ақпараттандыру бағытына дайындау, папилломавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияның иммунологиялық тиімділігін бағалау» тақырыбы бойынша қазіргі уақытта ғылыми-техникалық жоба орындалуда оған БжҒМ тарапынан  21 млн тенге бөлінді. Ғылыми — техникалық бағдарламаның оқыту ақпараттандыру бөлімі бойынша баспадан шықты:

  • практикалық нұсқаулық «Жұқпалы және паразитарлық аурулардың стандартты анықтамалары мен іс-шаралар алгоритмдері» қазақ тілінде, көлемі,  -61,2 баспа табақ. Бұл басылып шыққан практикалық нұсқаулық студенттер мен практикалық дәрігерлер үшін аса құнды бірегей құрал.
  • Национальное руководство «Иммунизация на практике», 31,4 п.л., Алматы,   2014 баспадан шықты. Бұл эпидемиология кафедрасы ғылымдарының іргелі еңбегі Ұлттық Нұсқаулықтар саласында Қазақстанда алғаш рет жарыққа шығарылып отыр және «Инфекция управляемые вакцинопрофилактикой» орыс тілінде 15 п.л., әдістемелік оқу құралдары  2012 ж баспадан шықты.
  • «Вакцинация әдісімен әйелдерге жатыр мойыны обырынан сақтандыру» (15 мин),  қазақ және орыс тілдерінде, таралымы  160 диск.
  • Типографиялық әдіспен вакцинопрофилактика мәселесі бойынша әртүрлі буклеттер, брошюралар басылып шығарылды;
  • Вакцинология бойынша халықаралық талаптарға сай пәннің оқу әдістемелік кешендері (УМКД) дайындалды.

Вакцинология мектебінде Медико-профилактикалық факультеті «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы 4 курс, «Жалпы медицина» факультеті  5 курс студенттерімен «Жұқпалы аурулар иммунопрофилактикасының стратегиясы мен тактикасы. ҚР-да егу ісінің ұйымдастырылуы» көлемі 90 сағат (2  кредит) тақырыбы бойынша элективтік циклдер өткізілуде.

«Вакцинология мектебі» мамандары ұсыныстары  2012-2016  жылдарға арналған ҚР-да онкологиялық көмек көрсетуді дамыту Мемлекеттік бағдарламасын жасауда пайдаланылды, оның  10 және 12   п.п. жасөспірім қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялау, ЖМО бойынша халықтың ақпараттануын көтеру және оның арнайы алдын алу тәсілдері қарастырылған. Бұл бағдарлама еліміздің  4 өңірінде іске асырыла бастады.