«ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ» атты іс-шара өткізілді

Жалпы медицина және стоматология факультеттерінің 1 курс студенттері және информатика модулінің оқытушылары доц. Ажибекова Ж.Ж., аға оқыт. Рахимбаева Г.С., аға оқыт. Бекенаева Қ.С. ұйымдастыруымен ақпан айының 25-жұлдызында №7 оқу ғимаратының №9 аудиторияда сағат 1230-да  «ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ» атты іс-шара өткізілді. Кешке жалпы медицина факультетінің декан орынбасарлары: .

Қатысқан топтар:  ЖМ 036-1/2, ЖМ 037-1/2, ЖМ 038-1/2, ЖМ 045-1/2, Стом 003-1/2,  Стом002-1/2, Стом004-1/2.

Кешіміздің мақсаты: Гендерлік саясаттың заманауи қоғамдағы маңызы және әйелдер теңсіздігі мен олардың билікке араласуы туралы студенттердің пікірлерін біліп, Қазақстанда гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты жүргізу жөніндегі олардың дұрыс көзқарасын қалыптастыру, саяси сауаттылығын ояту.

Іс-шарада студенттер екі топ болып пікір таластырды. Гендерлік саясатқа байланысты қабырға газеттері шығарылды. Кешке жалпы медицина, стоматология факультетінің студенттері белсене қатысып, көзге ерекше түскен белсенділер мақтау қағаздарымен марапатталды.