«ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕН ФАРМАЦИЯДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ МАРКЕТИНГ» КАФЕДРАСЫНЫҢ КОРРУПЦИЯҒА ҚАРСЫ ДӨҢГЕЛЕК СТӨЛ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

16.03.2015 жылы «Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг» кафедрасының ПОҚ мен тәрбие жұмысына жауапты аға оқытушы Авгамбаева Н.Н. Университетіміздің коррупцияға қарсы жоспарланған бағдарламасы аясында: («Оқытушылар мен студенттердің Ар намсы кодекісіндегі жемқорлық, құқықбұзушылықтарға жол жоқ» және «ҚазҰМУ бағдарламасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»)  туралы заңдармен студенттерді таныстыру бағдарламасы негізінде «Менеджмент» мамандығының 3-курс  студенттері мен «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 2-курс студенттері арасында дөңгелек стөл өтті.

Дөңгелек стөлге кафедраның ПОҚ мен бірге «Медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері» модулінің оқытушылары Қасымгожин Дастан және Айдарбеков Батырхан қатысты. Олар студенттерге қазіргі кездегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңдар мен нормативті актілерді, толықтырулар мен өзгерістерді таныстырып, хабардар етті.

Сондай-ақ, «Менеджмент» мамандығының студенттері өздері дайындаған баяндамаларын  оқып, талқылауға салды. Баяндамада жемқорлықты шешудің негізгі әдістері мен жолдары, ҚР-ң «Жемқорлық туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың  жолдары  туралы тақырыпта баяндамаларын талқылауға салды.