Дөңгелек стөл: «Қазақстан Республикасында медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды енгізу келешегі»

2013 жылы 16 қазанда Даңқ Залында «Қазақстан Республикасында медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды енгізу келешегі» атты Дөңгелек стөл өтті.

Іс – шараны ашу барысында ректор, профессор Аканов А.А. қазіргі таңда Қазақстан Республикасында медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізу мәселесі үлкен қажеттілікті талап ететіндігін атап өтті. Сақтандыру арқылы қорғау барлық медициналық қызметкерлерге бір жағынан медициналық қызметкер, екінші жағынан науқас және оның туысқандары арасында  талас жағдай туындағанда, сапасыз медициналық көмек нәтижесінде келтірілген шығынды өтеу кезінде керектігін айқындап берді.

Денсаулық сақтауды дамыту Республикалық орталығының денсаулық сақтау бағдарламасын дамыту бөлімінің бастығы Демесинова А. баяндамасында медициналық қызметкерлерді міндетті кәсіби сақтандыру туралы заң жобасы негізінде жүргізілген зерттеу нәтижесін ұсынды.

Медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру сауалдары бойынша университеттің профессорлық – оқытушылық құрамы ой — пікірінің әлеуметтік зерттеу қорытындысымен, аудиторияны қоғамдық денсаулық сақтау оқу департаментінің директоры профессор Камалиев М.А. таныстырды.

Ұлттық медициналық қауымдастық Президенті Садыкова А.Б. өзінің сөзін дәрігерлердің кәсіби қауіптілігіне арнады.

Мемлекеттік және жеке медициналық ұйым қызметкерлерінің, қоғамдық денсаулық сақтау мамандарының, қоғамдық бірлестік ұйым мүшелерінің, сақтандыру нарығына қатысушылардың кезекті пікірталасында науқастың негізгі құқықтары, медициналық қызметкерлердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуы, медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру ерекшеліктері, қауіп топтары бойынша орта буынды медициналық қызметкерлер және дәрігерлік мамандықтарды саралау, медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру тиімділігін жоғарлату бойынша мәселелер талқыланды.

Дөңгелек стөлге қатысушылар Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігіне жолданған Қазақстан Республикасындағы медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды енгізу болашағын бағалау бойынша қарар қабылдады.