Дөңгелек үстел — «Денсаулық кілті-тамақта»

2013 жылдың 22 қараша күні Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының  3 -курс 001, 002 топ студенттерімен тьюторлар Адилова М.Т., Шайхидинова Р.А. 3 жатақханада «Денсаулық кілті-тамақта» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Студенттер қазіргі уақытта фастфуд өнімдерінің ағзаға зиянды екендігін, мүмкіндігінше фастфуд өнімдерімен тамақтанбау қажеттігін түсінді, сондай ақ,  дәрумендерге бай тағамдардың олардың ағза үшін қаншылықты маңызды екендігін түсінді. Аға куратор Бегімбетова Г.А.,  студенттерге өткізілген дөңгелек үстел турасында өз пікірін қосты, студенттерге «ағалық» жақсы тілегін айтты. Соңында әртүрлі ойындар ұйымдастырылып, студенттер көңілді күйде тарқасты.