«Невада-Семей» антиядролық қозғалысына 25 жыл атты конференция өткізілді

2016 жылы 12 қазан күні ҚазҰМУ-де «Дана залында» сағат 11:00-де Этикалық кеңес төрайымы, С.Ж.Асфедияров атындағы ҚазҰМУ-нің ректор кеңесшісі, профессор – Мустафина Ж.Г. , гигиеналық пәндер оқу департаментінің директоры, жалпы гигиена және экология кафедрасының меңгерушісі, профессор – Кенесариев У.И., тәрбие жұмысына жауапты кафедра доценті, Бегимбетова Г.А. ұйымдастыруларымен «Невада-Семей» антиядролық қозғалысына 25 жыл атты конференция өткізілді.

Конференцияға Ғылыми практикалық орталығының Санитарлық Эпидемиялогиялық Сараптама және Мониторнинг басқармасының бас директоры – Дурумбетов Е.Е. пен осы басқарманың Санитарлық дәрігері, радиациялық гигиена маманы – Қожахметов Н.Б. шақырылды.

Сондай-ақ конференцияға кафедраның профессор-оқушылар құрамы, ҚазҰМУ-нің кітапханасы, ҚДС факультеті мен ЖМ факультетінің студенттері қатысты.

Алғашқы сөзді Этикалық кеңес төрайымы, С.Ж.Асфедияров атындағы ҚазҰМУ-нің ректор кеңесшісі, профессор – Мустафина Ж.Г. , гигиеналық пәндер оқу департаментінің директоры, жалпы гигиена және экология кафедрасының меңгерушісі, профессор – Кенесариев У.И. ашты.   Конференцияны ары қарай баяндамалармен кафедра магистранты мен студенттер жалғастырды.

Конференция соңында  студенттер арасында тақырыпқа сай сұрақтар қойылып, концерттік бағдарламалар, деректі фильм көрумен аяқталды.