Сыйынар ем Ана деген тәңірге

Жалпы медицина және стоматология факультетінің 1, 2, 3 курс студенттері мен информатика модулінің оқытушылары доц. Шадинова К.С., аға  оқыт. Джаханова Б.Н., Жусипбекова Ш.Е. ұйымдастыруымен «Сыйынар ем Ана деген тәңірге»

атты тақырыбындағы  кеш өткізілді. Кешке жалпы медицина, стоматология факультеттерінің декандары шақырылды.

Кешіміздің мақсаты:

Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Кешке 1 курс жалпы медицина факультетінің 011-1,2, 028-1,2, 041-1,2, 031-1,2,   топ және 1 курс Стом-003-1,2,  004-1,2, 2 курс стоматология Стом — 02-1,2   факультеттерінің студенттері белсене қатысып, кеш соңынды мақтау қағаздары тапсырылды.