«Тағам және Денсаулық» I Диалогты Форумы

Қазақстанда Алматы қаласында тұңғыш рет «Тағам және Денсаулық» I Диалогты Форумы өтті. Форум Қазақ Тағамтану Академиясының, Профилактикалық Медицина Академиясының және Салауатты Тағамтану Орталығының қолдауымен С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ нутрициология кафедрасы мен DiningSmart компаниясы ұйымдастырды. Форумды Danone, FGXpress компаниялары, Алматыдағы АҚШ бас консулы, Алматы Технологиялық Университеті, DiningSmart компаниясының қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, «Айзере» шаруа қожалығы, Бизнес-мама жобасы және т.б.

Форум 5 сессиядан тұрды:

1 сессия: Заманауи Қазақстанның мәселесі – артық салмақ және семіздік

2 сессия: Дұрыс тамақтану сұрақтары бойынша кадрлар дайындау

3 сессия: Slow Food, вегетариандық, органика, шикілей тұтыну – тек сәнді тренд пе, әлде денсаулық пен табыс кілті ме?

4 сессия: Салауатты азық-түліктер өндірісінің заманауи технологиялары

5 сессия: Компаниялардың әлеуметтік жауапкершілігі. Біз нені тұтынамыз?

Форумның салтанатты ашылуында нутрициология кафедрасының құрметті меңгерушісі, Қазақ Тағамтану Академиясы мен Салауатты Тағамтану Орталығының Президенті Шарманов Төрегелді Шарманұлының ұлт саулығы мен құндылығы жоғары бие сүтінің негізінде дайындалатын жаңа азық-түлік өнімдерін шығару арқылы жұқпалы емес аурулардың алдын-алуда инновациялық тәсілдерге көзқарасын айтып өтті.

I Диалогты Форумның қонақтары іс-шараға белсенді қатысып, спикерлерге сұрақтар қойды, өздерінің өнімдерін әлеуетті клиенттерге тасымалдайтын өндірушілермен, сонымен қатар, мамандармен және ғалымдармен танысты.

Дұрыс тамақтану облысында кадрларды дайындау сұрақтары бойынша «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің деканы Бегадилова Толқын Сембайқызы мен Алматы технологиялық университетінің «Тағам өндірісі» факультетінің деканы Таева Айгүл Маратқызы баяндады.

Нутрициология кафедрасының меңгерушісі М.С.Қайнарбаева ханым мен кафедра доценті А.Б.Бердығалиев мырза «Дұрыс тамақтанбау тәртібін төмендету үшін тұрақты білім беру ортасын қалыптастыру» атты баяндамасында нутрициология кафедрасының ҚР-да орта және жоғарғы медициналық білім беруге арналған «Диететика» мамандығы бойынша оқу бағдарламаларын дайындау туралы жоспарларына тоқталды.

3 сессиясы әсіресе, көп талқыланды: Slow Food, вегетариандық, органика, шикілей тұтыну — тек сәнді тренд пе, әлде денсаулық пен табыс кілті ме? Бұл сессияда «Талас тудыратын концепциялар», «А-дан Я-ға дейін шикілей саналы тұтыну» және «Салауатты тамақтану дәстүріне халықаралық Slow Food әрекеті». С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ нутрициология кафедрасының доценті Е.Ю.Ушанская ханым вегетариандық және оның артықшылықтары мен кемшіліктері жөнінде сұхбат берді.

Нутрициология кафедрасының аға оқытушысы А.Н.Қожахметова ханым өзінің «Мектеп жасындағы балалардың тамақтану мәселелерін шешудегі бір жол – салауатты  тамақтану дағдыларын қалыптастыру» тақырыбындағы баяндамасында мектеп оқушыларының дұрыс тамақтанбаудан туындайтын салдарды атап өтті. Алматы қаласындағы жалпы білім беретін мектептерде бюджет есебінен 1-4 сыныптағы балаларға арналған мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша бағдарламаны ұсынды.

Форум жоғары оқу орындарының студенттері, ата-аналар, ғалымдар, дәрігерлер, аспаздар, фермерлер мен кәсіпорын өкілдері, сонымен қатар, өз денсаулығына қамқор етуші және салауатты тамақтануды қолдайтын тұрғындардың талқылау алаңына айналды.