“Тәуелсіздіктің 21 жылдығы – ел тарихының жарқын беті”

Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап жеттік. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қостық. 21 жыл ішінде туелсіз Қазақ елін қалыптастырып , нарықтың қиын өткелдерін аман өткізіп келеміз.

Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінгі кунге дейін барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізіп келеміз. Жиырма бір жыл ішінде елдің әл әуқатын көтеріп , төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде,білім, денсаулық,спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік – бізің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы Тәуелсіздіктен бастау алады. Дәуір жасампаздығы сенімді және серпімді дамуға байланысты.

Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып , ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Біз білсек қазір қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүріп жатырмыз. Бұл кез келген мемлекет жете бермейтін жетістігі.

Сценарий

Қарабауыр қасқалдақ

«Желтоқсан алаңы» Әлімбетова Мөлдір

Қайрат Рысқулбековты анасының жоқтауы

Тәуелсіздік

1. Жат қой бізге теріс қылық-көргенсіздік,

    Қазағым  деп әрдайым өрге жүздік.

    Ар-намысым, болашағым, ертеңім,

    Тәңірімнің сыйлығы бұл — Тәуелсіздік!

2  Қазағым, Қазақстан өрле алға,

    Надандықтың өмірін көрме алда.

    Қасиетті тәуелсіздік ұраным,

    Созыла бер ғасырлардан, ғасырларға!

                                     Ахилбекова Айжан  ҚДС -408-2топ