Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасында орындалған студенттік жұмыстар СҒЗЖ-ның II турында үшінші орын алды.

«С.Д. Асфендияров атындағы КазҰМУ университеттік клиникасында зерттеу ақпараттық жүйені әзірлеу және енгізу». Орындаушылар: Тургалиев А.А. – «Жалпы медицина» бакалавриатының 4 курс студенті, Азизханов П. –  «Медициналық-профилактикалық іс» бакалавриатының 3 курс студенті. Ғылыми жетекші: кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор М.А. Камалиев. СҒЗЖ-да С.Д. Асфендияров атындағы КазҰМУ университеттік клиникасына арналған ең күшті тәжірибемен ғылыми-дәлелдеген және расталған зерттеу ақпараттық жүйені әзірлеуге бағытталған мақсатқа қол жеткізген және негізгі міндеттері шешілген: бұрын бар зерттеу ақпараттық жүйені дайындау және енгізудегі жиналған тәжірибені талдау және қорытындылау; зерттеу ақпараттық жүйенің өзін құру; біздің университетіміздің ғылыми-оқыту зертханасына зерттеу ақпараттық жүйені енгізу.

«Студент-медиктердің эвтаназияға көзқарасы». Орындағандар: Сыдыков М.Е. и Досметов А.Ж. «Қоғамдық денсаулық сақтау» бакалавриатының 5 курс студенті. Ғылыми жетекші: кафедра доценті, ғ.м.к., Шахиева А.М. Ғылыми жұмысының мақсаты: эвтаназияға «қарсы емес» және «қарсы» болған жастардың ойын зерттеу, медициналық ЖОО студентерін статистикалық зерттеу арқылы проблеманың этикалық тұрғысын талдауды жүргізу. Жүргізілген зерттеудің нәтижесі ғылыми мақала жазуға негіз болды, С.Д. Асфендияров атындағы КазҰМУ-нің қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының тәжірибелік сабақтарында қолданады.

Диплом НИРС 1 Диплом НИРС 2