2012 жылдың I кварталында кафедрада келесі жұмыстар орындалды

Альянс халықаралық мұнай-газ компанияларының «Аджип», «Бритиш газ», «Шеврон-Тексако», «Лукойл», «Карачаганак Петролеум Оперейтинг б.в.» (КПО б.в.) ЖШС компаниясына біріктірілген:  «Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен аймағының бекітілген санитарлық қорғау аймағы» тапсырысы орындалды, ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері, ҚР денсаулық сақтау министірлігі СБМК төрағасы Ж.М.Бекшин бекіткен. (№46 қорытынды 04.04.2012 ж.  «Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен аймағының бекітілген санитарлық қорғау аймағы» Жобасы»).

Аталған нормативтік- құқықтық акт Санитарлық ережелерге сәйкес ҚР № 93  17.01.2012 ж., Үкіметінің қаулысымен бекітілген, Қоршаған ортаны қорғау министірлігі, Еңбек министрлігі, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметі, Төтенше жағдайлар министірлігі тағы басқа бақылау мекемелерінің мамандары үшін негізгі құжат болып табылады.

Бұл жұмыс, яғни СҚА ҚМГККА  ақырғы өлшемдерін алу 2013 жылдың соңына дейін жоспарланған.

Жоғарыда аталған НҚА орындау мақсатында 2011 жылдың  жазында кафедра қызметкерлері Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен аймағына барып қайтты. (ҚМГККА).

Бұл жұмысқа бұрын орындалған ҒЗЖ есептері енгізілді:

  • Атмосфералық ауаның химиялық факторлармен ластануынан тұрғындардың денсаулығына есептi қауiп-қатердi бағалау.
  • Қарашығанақ кен аймағына жақын 10 елді мекендер сипаттамасы (Березовка, Приуральное, Жарсуат,  Димитрово, Жанаталап, Бестау, Қарашағанақ, Қаракемер, Успенка ауылдары және Аксай қ.).
  • «Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен аймағына жақын 10 елді мекендердің қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығына медициналық- экологиялық бағалау» ҒЗЖ нәтижелері РМҚМ филиалының «Батыс-Қазақстан санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» қызметіне енгізілген, Бурлинск ауданы бойынша. (Енгізу акті №1-6/99  27.01.2012 ж).
  • Жалпы гигиена және экология кафедрасында «Тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерді бағалау зертханасының» ғылыми зерттеулерінің нәтижелері  XI Барлық ресейлік гигиенисттер мен санитарлық дәрігерлер съездінде баяндалды, Мәскеу, наурыз 2012. «Риск развития неканцерогенных эффектов в зависимости от уровня загрязнения воздушного бассейна городов Республики Казахстан пылевыми частицами РМ10 и РМ2,5», «Тенденции и динамика демографических показателей в зоне Карачаганакского нефтегазоконденсатного месторождения (1999-2010 жж.)»; Халықаралық конференция Ferst international scientific conference on regenerative medicine &health aging. Nazarbaev university, 11-12 қараша («Effect of the nuclear polygons on the life duration of the western Kazakhstan population»).
  • «Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен аймағы қоршаған орта обьектілері сапасына мониторинг» мақала жариялымға берілді. (Электронды периодты баспа, ISSN2077-2548, Пермь, Здоровье семьи — 21 век, №4 (4) 2011).
  • «Наука и здравоохранение» журналына 7 мақала жариялымға берілді (Семей қ.).
  • «ҚазҰМУ жаршысы» журналына 10 мақала жариялымға берілді. (№ 1, 2012 ж).