Санжар Жапарұлы Асфендияровтың 125 жылдығына
арналған қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасында өткізілген
іс – шара.
2014 жылдың 20 қазанында қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасында 4 курс 11-002-1 қ, 11-002-2о топ қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының және 3 курс 12-003-1қ, 12-003-1о топ медициналық — профилактикалық іс мамандығының студенттерімен С.Д.Асфендияровтың өмірі және еңбек жолымен танысуға арналған іс — шара өтті.
Аталған іс – шарада кафедра доценті Айтманбетова А.А. алғы сөз жасады. Алғы сөзден кейін кафедра оқытушылары мен студенттер ғалымның өмірбаяны, медицинаға қосқан үлесі, еңбектері туралы өз пікірлерімен бөлісіп, пікірталастың белсенді түрде өтуіне атсылысты.
Пікір алмасуда С.Ж. Асфендияровтың туылған жылы, туған жері, алған білімі, атқарған қызметі, өмір баяны, медицинаның дамуына қосқан үлесі туралы мәліметтерге шолу жасалды. Пікір алмасудың соңында студенттер тұлғаның ғалым, қоғам қайраткері болғандығына көз жеткізіп, білімдерін толықтырды.