“Медициналық қызметтер сапасының тәуелсіз сараптама мәселелері ” біліктілікті арттыру циклы туралы есебі

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасы 1-27 наурыз 2019 ж. “Медициналық қызметтер сапасының тәуелсіз сараптама мәселелер” біліктілік арттыру циклын 216 сағат көлемінде ұйымдастырды. Курсанттар құрамында университеттің 28 ғылыми-педагогикалық және әкімшілік қызметкерлері болды.

Дәрістер мен семинарларды мамандар мен тәжірибелі ұйымдастырушылар жүргізді. Профессор Е.А.Әбілқасымов Университеттің Байқау кеңесінің мүшесі, м.ғ.д., денсаулық сақтаудағы даму перспективаларымен таныстырды. Профессор Қ.Қ.Құрақбаев енгізілетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы медициналық көмек сапасын бағалау туралы ақпарат берді. Е.Г.Князев, ЭкспертЗдравСервис бас директоры, Ресейлік медициналық мекемелерге сапа менеджменті жүйесін енгізу туралы тәжірибемен таныстырды. А.Р.Манапбаева, Алматы филиалының МӘМС қорының медициналық көмектің сапаны мониторинг бөлімінің бастығы, ережелердің ерекшеліктерін талқылады. В.А.Кременцов, белгілі заңгер, тәуелсіз сараптама жүргізудің заңдық құқықтары мен міндеттері туралы ақпаратты берді. С.У.Умарова, Университеттің Ішкі аурулар пропедевтика кафедраның доценті, аккредиттелген тәуелсіз сарапшы, меншікті сараптаманың тәжирібесімен таныстырды. Циклді жүргізуге, сондай-ақ, Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасының меңгерушісі мен оқытушылары қатысты. Цикл соңында тыңдаушылар жоғары баға берді.